Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Вакциналау пандемиядан қорғайтын иммунитетті қалыптастыруға көмектеседі - АРҚА АЖАРЫ

Вакциналау пандемиядан қорғайтын иммунитетті қалыптастыруға көмектеседі

Қазақстанның профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман COVID-19 қарсывакцинаныңперспективалары туралы айтты.

Алмаз Шарман пандемия 2021 жылдың ортасында немесе соңында аяқталуы мүмкін екені туралы деректерді келтірді. Оны тиімді және қауіпсіз вакциналардың дайындаумен байланыстырады. Әлемде мұндай вакциналарды жасау үшін екі жүзге жуық зертхана жұмыс істеп жатыр.

«Коронавирусқа қарсы Pfizer/BioTech және Moderna компаниясының вакцинасы жақында сынақтан сәтті өтті. Олардың тиімділігі 95 пайыздан асқан. Бұл өте жоғары көрсеткіш. Екі вакцина матрицалық РНК-ның ең заманауи технологиясына негізделген. Оның басты ерекшелігі тек антиденелердің бөлінуіне ғана емес әрі жасушалық иммундық әсеріне де ықпал етеді. Бұл нәтижелердің барлығы мамандардың болжамынан асып түсті және шабыттандыруда. Демек, ғалымдар COVID-19-ды жеңу жолында тағы бір маңызды қадам жасаған сияқты», – деді ол.

Келесі жылы бірнеше миллиард дозада түрлі вакциналар өндіріледі деп күтілуде. Оның үстіне, әлемде халықты вакцинациялау мәселесі түрлі пікірлер тудыруда. Профессордың айтуынша, вакциналар адамзатқа пандемиядан қорғайтын иммунологиялық жастықты қалыптастыруға көмектеседі. Алайда, ағзада коронавирусқа қарсы бейтарап антиденелердің қаншалықты ұзақ сақталатыны және адамның қанша уақытқа иммунитетке ие болатыны әлі де түсініксіз. Осыған байланысты, кейбір жасалып жатқан вакциналар екі немесе одан да көп екпені қажет етуі мүмкін. Еске салсақ, Қазақстанда отандық QazCovid-in вакцинасын клиникалық зерттеудің қорытынды III кезеңінің басталуы мақұлданды. Алдын ала зерттеу нәтижелері вакцинаның жоғары қауіпсіздігі, иммуногенділігі және тиімділік деңгейінің 96 пайызын көрсетуде.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар