Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Вакциналау жұмыстары бекітілген тәртіп бойынша жүргізілуде - АРҚА АЖАРЫ

Вакциналау жұмыстары бекітілген тәртіп бойынша жүргізілуде

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі вакциналауды ұйымдастыру және жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар мен вакциналарды сақтау және тасымалдау регламентін бекітті. Бұл туралы ведомство басшысы Алексей Цой айтты.

«Азаматтарды коронавирус инфекциясына қарсы вакциналауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, министрлік барлық шараларды қабылдады және 1 ақпаннан бастап COVID-19-ға қарсы вакциналауды бастады. Жоспар шеңберінде вакциналауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар және вакциналарды сақтау мен тасымалдау регламенті әзірленді және бекітілді. Жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде», — деді Алексей Цой Үкімет отырысында. Ол вакцина алғандар туралы деректердің Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесіне енгізілетінін атап өтті. «Қазақстандық мобильдік қосымшаға жеке иммундық мәртебесі туралы QR-кодтарды енгізу үшін Egovmobile мобильдік қосымшасын іске қосу жоспарланған, ол «Ashyq» медициналық қосымшасымен интеграцияланатын болады. Онда медициналық ақпараттық жүйелердегі азаматтар бойынша, оның ішінде QR-код арқылы тексеруге ұсыну үшін COVID-19 қарсы вакциналаудан өткені туралы деректер жинақталады», — деді министр. Айта кетейік, 1 ақпанда Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтыру және тарату тәуекелі жоғары санаттарды коронавирусқа қарсы вакциналау басталды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар