Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлттық жазу рухымызды жаңғыртады - АРҚА АЖАРЫ

Ұлттық жазу рухымызды жаңғыртады

Қазақ тілін латын әліп­биіне көші­ру – қо­ғам­­дық санамызға мықтап қозғау салған тарихи ше­шім. Тоқ­талған әліпбиіміздің соңғы нұсқасы да мәдени жұрт­шы­лықтың назарында тұр. Қазақ тілі емле ережесін жасаудағы басты және қосалқы ұстанымдар қандай деген сауалға жауап алып, кейбір түйінді мәселелерді оқырманға нақты мысалдармен, ғылыми негізге сүйене отырып тарқатып беру үшін А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжанмен әңгімелескен едік.

– Анар Мұратқызы, Пре­зидентіміз латын графи­ка­сындағы әліпбиге көшу мә­селесінде асығыстық та­ны­­туға болмайтынын, ұлт үшін тағ­дыршешті бастамада нау­қаншылдыққа жол беріл­­меуі керектігін баса айтып келеді. Десе де латын қар­піне көшу бүгін немесе кеше туын­даған бетбұрыс емес екені белгілі. Әліпби дайындау ісі ке­меріне жа­­қындады, нақты пі­сіп-же­тілді деп айта аламыз ба?
– Жаңа әліпбиге көшу мәсе­лесі өткен ғасырдың 90-жылдары тұңғыш рет қоғам талқысына ұсынылды. Оның бастамашысы академик Әбдуәли Туғанбайұлы Қайдар болды. Сол кезден бері бұл мәселенің қоғамда талқылануы тоқтаған жоқ. Саяси шешім 2017 жылы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» ма­қа­ласында шықты. Елбасының Жар­лығымен 2018 жылы акут негізді әліпби бекітілді. Бұл жал­пыхалықтық реформа о бастан-ақ демократиялық прин­ципті берік ұстанды. Сөйтіп, 2019 жыл­дың қазанында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халық тарапынан акут әліпбиге қатыс­ты жұртшылық сынын ескеріп, ға­лымдарға әліпбиді қайта жетілдіруді тапсырды.
Ғалымдарымыз Прези­дент тапсырмасын зор жауапкер­шілікпен орындады. Әліпбиді жетілдіру бойынша жұрт­шылық тарапынан сыналған әрбір таңба ғылыми тұрғыдан тексерілді, соның негізінде кейбір қолайсыз деп та­нылған таңбалар ауыстырылды. Же­тілдірілген әліпби жобасындағы әрбір әріптің ғылыми негіздемесі жасалды. Жобаны әзірлеу кезеңіне отан­дық қана емес, әлемдік деңгейде қазақ тілін ғы­лыми тұрғыда зерттейтін бірден-бір мекеме Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жауапты болса, әліпби жобасын апробациядан өткізу кезеңіне «Тіл-Қазына» орталығы жауапты болды. Институт ғалымдары тарапынан ұсынылғанымен, жоба отандық ғылыми қауымдастық мақұлдауынан өтуге тиіс, сон­­дықтан, еліміздің беделді тіл­та­нушылары мен филологтерінен тұратын Орфографиялық жұмыс тобында жоба талай талқыдан өткізіліп барып, әбден қырналып, түзеліп бекітілді.
Ендігі кезекте жетілдірілген әліпби жобасы Қазақстан Рес­публикасы Үкіметі жанындағы Қазақ тілін кириллицадан латынграфикалы әліпбиге көшіру жөніндегі Ұлттық комиссия қа­рауына тапсырылады. Бұл жаңа әліпбиді бекіту кезеңі жақын екенін көрсетеді, сондықтан оны қолданысқа енгізуді бас­тау шараларының ауылы да алыс емес. Қоғам бұған әбден дайын, әсіресе, жастар арасында цифрлы техника арқылы қарым-қатынаста латын әліпбиі әлдеқашан кеңінен қолданылып жүргені белгілі. Сол себепті, біздің болжамымызша, қоғам жаңа әліпбимен жазуды жылдам игеріп кете алады.
– Латын қарпіндегі қазақ әліпбиінің өздеріңіз әзірлеген соңғы нұсқасына нақты қан­дай өзгерістер енгізілгенін атап өтсеңіз?
– Жетілдірілген әліпби жо­басы академик Әбдуәли Қай­дардың алғашқы жобасынан бастау алады. Мұны әзірлеуге отандық беделді тілтанушылар, соның ішінде академик Рәбиға Сыздықтың жазу теориясы бо­йынша ғылыми мектебінің өкілдері – әліпби түзу, емле жа­сауға қа­тысты тіл ғылымының арнайы салалары грамматология, фонетика, фонология, орто­логиялық кодификация, жазу теория­сы мен тіл мәдениетінің мамандары қатысты.
Жобаның теориялық негіздері Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жүргізген ғылыми-зерттеулер ая­сында жасалды. Жаңа әліпби мен ем­ле А.Байтұрсынұлы негізін қа­ла­ған ұл­ттық жазудың басты прин­циптерін негіз­ге алды. Әлем­дік жазу тәжірибелерін ескерді.
Жетілдірілген жаңа әліпби жобасында 31 таңба бар, диакритика саны: 4: умлаут (  ̈ ), макрон ( ˉ ), седиль ( ̧), бревис (  ̌ ); диакри­тикамен берілген әріп саны: 6 (ä, ö, ü, ğ, ū, ş); «бір дыбыс – бір әріп» принципіне толық сәйкес, диграфтар жоқ; ұлттық тілдің 28 дыбысын толық қамтиды; шеттілдік сөздегі дыбыс таңбасына Vv (в), Ff (ф), Hһ (х) әріптері алынды;
Негізгі артықшылығын ата­йық. Бірін­шіден, дыбыстардың әртүрлі қасиетіне жеке диакритика алынды. Бұл оқылымды жеңілдетеді, тілдің дыбыс қоры­ның әліпбиі жүйесіндегі көрінісін бедерлейді.
Екіншіден, халықаралық тәжірибе ескерілді. Мысалы, халықаралық латын жүйесінде умлауттың бір ғана мағынасы бар – дауысты дыбыстың жіңіш­келігін білдіру.
Үшіншіден, кирилдегі У әр­пінің орнына еріндік дыбысқа жүретін U таңбасы, ал И, Й орнына і таңбасы алынды. Бұл У мен И дыбысы бар сөздердің мәтін ішінде бірден танылуына ыңғайлы: uran, vakum; uaqyt, sauda, juu, tuu; іne, jіyn, kögoraі, aіdar; іnstіtut, inovasia, titul. Шеттілдік сөздерді халықаралық жазу кеңістігіндегі тұрқына ұқ­сас таңбалайды: universitet, respublika, turizm. Бұл әлемдік бі­лім кеңістігімен интеграция үшін қолайлы.
Төртіншіден, мектеп оқушы­лары мен шеттілдіктердің әріп тануына, оларға тіліміздің ды­быстық жүйесін жылдам әрі тез үйретуге ыңғайлы.
Бесіншіден, жазба коммуни­кацияны жеңілдетеді. Диа­кри­тикамен берілген әріптердің бар­лығының жалпы жиілігі өте төмен, яғни, олар көп болмайды. Мысалы, ä (ә), ö (ө), ü (ү), ū (ұ), ğ (ғ), әріптерінің 5-еуінің жалпы жиілігін қосқанда, ең жиі кездесетін жалғыз /а/ әрпінен төрт есе аз болады. Жиілігі жо­­­ғары ш дыбысына диакрити­касы әріп астынан түсетін, қол­ды жолдан үзбей жазуға болатын /ş/ әрпі алынды: Şämşı, şеşım. Қолжазуға ыңғайлы, көз­шалымға қолайлы.
Бүгінде тілтанушы ғылыми қауымдас­т­ықтың көпшілігі, қа­лың жазарман мен оқырманның басым бөлігі осы жобаға тоқ­талып отыр.
– Жаңа ережеміздің ерек­шелігі ретінде нені айтар едіңіз?
– Емле жобасы бірнеше ке­зеңде әзірленді:
1-кезеңде Ахмет Байтұр­сын­­ұлы атын­дағы Тіл білімі институты Емле ережелерінің ғылы­ми тұжырымдамасын әзір­леді. Онда:
– емле халық тілінің дыб­ыс­тық қор әлеуетін кеңінен қамтуы;
– базалық нормаларды сақ­тауы тиіс. Мұнда базалық деп, әліпбилер ауысса да өзгермейтін, ұлттық тіл заңдылықтарына сәй­кес қалыптасқан тұрақты жазу нормалар жүйесін айтамыз.
– жаңа емле қолдануға оң­тайлы, техникалық жақтан мо­бильді, жинақы болуы керектігі негізделді.
2-кезеңде тұжырымдамаға сәйкес институт емле жобасын әзірледі;
3-кезеңде «Тіл-Қазына» орта­лығы емле жобасын мәдени жұрт­­шылық арасында түрлі сынамадан, сараптамадан өткізді. Сынама жұмыстары емлені же­тілдіруге көптен-көп септігін ти­гізді.
Емле ережелері 9 тараудан тұрады: Әріптер емлесі (42 әріп­тен 32 әріп ем­лесіне қыс­қарды, баламалары табылды); түбір мен қосымшаның; бірге, бөлек, дефис­пен жазылатын сөздердің; бас әріп пен қысқарған сөздердің емлесі; кір­ме сөздердің және тасымал емлесін қамтиды.
Жаңа емледегі жаңалықтарға тоқта­лайық. Біріншіден, барлық сөздердің графикалық бейнесі (кескіні) жаңарды (мысалы: Qazaqstan, täuelsızdık, ruhani jaŋğyru). Жазу принциптеріміз негізінен сақ­талғанымен, сөз­дер­дің жазба мәтіндегі кес­кін­де­рі басқа – «латынша» тұрпат ал­ды.
Екіншіден, шеттілдік сөз­дердің орфограммасы өзгерді (мысалы: prodüser, büdjet, аnsäm­bl, piesa, subekt, konünktura, ve­dımıs, film, festiväl, älbom, menejer, profesor, pedagog, dialog. Ем­ленің бұл тарауы дәстүрі бе­рік қалыптасқан, озық әлемдік жазулардың тәжірибесіне сүйеніп әзірленді. Жаңа емле бойынша шеттілдік, «өзге» сөздер, бір жағынан, ұлттық сипат алды. «Қа­зақтың шапанын киіп», «өзі­­міздікіне» айналса, екінші жағы­нан, тұпнұсқа тілге тұрпаты ұқсап, әлеммен құрмаласа түсуге жол ашты. Міне, бұл – ұлттық жазуды креативтендіру арқылы рухты жаңғыртудың жолы.
Латында жоқ орыстың Ë, Ц, Щ, Э, Ю, Я, Ь, Ъ әріптерінің баламасы анықталды. Мысалы, Э орнына Е: element, epopeiа, Е (йо) орнына Ö жазылады: dirijör, rejisör. Ц бір таңбамен, S әріпмен беріледі: konsert, sirk. Сөз басындағы және төл сөздердегі Ю – iu: İupiter, aiu, Я – ia әріп тіркесімен: İalta, qoian, ал, дауыс-
сыз дыбыс таңбасынан кейін Ю әрпі қазақшаланып ü: tüniŋ, büro, Я әрпі сәйкесінше ä-мен таңбаланады: zaräd. knäz, айыру белгісі түсіріледі: feldeger, adektiv, жіңішкелік белгі тұрған буындағы дауыс­ты дыбыс жіңішке сыңарының таңбасымен жазылады: pälma, mültfilm, älmanah. Шеттілдік сөздер ықшам әрі оңтайлы жазылады.
Қорыта айтқанда, ережеде күнделікті қолданылатын сөз­­дердің, сол сияқты атаулар мен терминдердің ұлттық си­пат­тағы үлгісі ұсынылып отыр. Бұл үлгілер мыңдаған сөздердің сауатты жазылуына негіз болады. Сөйтіп, санада орнығады, ықшам, оңтайлы, креативті жаңа ұлттық жазудың негізі қаланады. Жаңа әліпби мен емле қоғамымыздың жазу мәдениетін арттыру арқылы мемлекеттік тілдің қолданысын жеңілдетеді.
– Сіздіңше латын қарпіне өткеннен кейінгі процесс қалай өрбімек?
– Халықаралық тәжірибеде әліпби ауыстырған елдердің бар­лығы жаңа әліпби мен емле ережелерін жоғары нор­ма­тив­тік негізде бекіткен. Тіпті, қазіргі қолданыстағы ережелер де 1983 жылы Президиумның жарлығымен бекітілген. Сон­дықтан, ғалымдар жаңа әліпби сияқ­­ты жаңа емле де Пре­зи­денттің Жар­лығымен бекі­тіл­генін күтеді. Иә, алғаш­қы кезең­де жаңа жазуға көз­шалым үй­реніп, қолдағы қалып­тас­қанша аз­даған дискомфорт болуы, әри­не мүмкін. Алайда, бола­шақ үшін, тіпті қазіргі замандасы­мыз үшін де ұтарымыз көп. Мұ­ның тек қазіргі кезде өзекті бір­нешеуін атайық:
– қазақша ойлайтын, шет­сөзді өз тілінің икеміне қарай өзінікіндей бейімдеп алатын ұлт­тық сананың қалыптасуына жазу арқылы жол ашылады;
– тіліміздің сырттан келген әсерді игеріп алатын имму­ни­теттік тетіктері іске қосылады, тіл жаңғырады;
– 5-6 жастан сауат ашқан бүл­діршін ана тілінде жазып-сызу үшін бұрынғыдай төл әрпімен бірге бөгде әріптен тұратын 42 таңбалы әліпбиді, орыс тілінің Щ, Э, Ъ, Ь сияқты басқа да әріп­терінің емле ережелерін қоса үй­реніп, уақыты мен қуатын жо­ғалт­­пайды. Оның орнына небәрі 31 әріптен тұратын, ана тілінің барлық дыбысын қам­тыған, сонымен бірге кез-келген бөгде сөзді өз тілінде жазуға икемді әліпбиді үйреніп шығады;
– қазақ ұлттық әліпбиімен жазылған мәтіндер латын әліпбиін қолданатын қауымдастық үшін оқылатын деңгейде болады, қа­зақ сөздерінің оқылымы олар­дың ауызша сөздегі дыбысталуы­на жақындайды;
– әлемдік графикалық ке­ңіс­тікте қазақ мәтіндерінің көз­шалымға икем­ділігі еліміздің имиджінің көтерілуіне, халық­аралық экономикалық дискурсқа құрмаласуына оңтайлы жағдай туғы­зады.
Әңгімелескен
Арман ОКТЯБРЬ.

(«Egemen Qazaqstan» газеті, 29 қаңтар 2021 жыл. Автордың рұқсатымен жария-
ланып отыр).

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар