Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
6 мыңнан астам өзбекстандыққа Қытай вакцинасы салынды - АРҚА АЖАРЫ

6 мыңнан астам өзбекстандыққа Қытай вакцинасы салынды

Өзбекстанда қытайлық Zhifei Loncom Biofarmaceutical компаниясы жасаған ZF 2001 вакцинасының үшінші клиникалық сынағы жалғасуда. Өзбекстанның Инновациялық даму министрлігінің хабарлауынша, ZF 2001 вакцинасының ІІІ фазалы сынақ кезеңіне қатысуға ниет білдірген еріктілер саны 14 008 адамға жетті.

5 ақпан күнгі жағдай бойынша, атаулы вакцинаның 1-дозасын 6484, 2-ші дозасын 1045 ерікті қабылдаған. Сонымен қатар, вакцина алу ниетіндегі әрбір азамат тіркеуден өтеді және олармен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Кейінгі жағдай бойынша оның антропометриялық белгілері – бойы мен салмағы өлшеніп, иммуноферментті анализін (IFA) алынуы керек. Бұл тексерудің нәтижесі 20 минут ішінде дайын болады. Бұл тест қанда вирусқа қарсы антиденелердің бар-жоғын анықтайды. Ол – азаматтың коронавирусты бұрын жұқтырғанын білу үшін қажетті фактор, – делінген хабарламада.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар