Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысында той жасағандар жазаланды - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысында той жасағандар жазаланды

Ақмола облысында карантин режимін бұза отырып, көпшілік шаралар өткізілгендігі анықталды.

Ақмола облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, 2021 жылдың 6 ақпанында Целиноград ауданының Қабанбай батыр ауылында мониторингтік топ карантин режимі бұзылғанын анықтады. Мұнда 80 адамның қатысуымен 70 жылдық мерейтой ұйымдастырылды.

Бұдан бөлек, мониторингтік топ Көкшетау қаласындағы «Алтын шаңырақ» қонақүй кешенінде үйлену тойы өткізілгендігін анықтады. «Бұл кешен карантиндік талаптарды елемей, жаппай іс-шаралар өткізіп тұрады. Әкімшілік жауапкершілікке 4 рет тартылды. Көкшетау қаласының санитарлық қызметі жоспардан тыс тексеру жүргізді. Той өткізу фактісі бойынша ұйымдастырушы мен жеке кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылады», – деді ведомстводан.

Сонымен бірге, мониторингтік топ Көкшетау қаласындағы «Хан сарайы» мейрамханасында «Тиолайн» ЖШС фирмасы 200 адамның қатысуымен корпоративтік іс-шара өткізгендігін анықтады. «Көкшетау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы іс-шараны ұйымдастырушы мен өткізген мекемеге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 425 бабы 1 бөлігі бойынша жауапқа тарту шараларын қабылдайтын болады», – деп толықтырды ведомстводан.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар