Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Маска тағудың қажеті жоқ: Желіде ДДҰ-ның жалған мәлімдемесі тарады - АРҚА АЖАРЫ

Маска тағудың қажеті жоқ: Желіде ДДҰ-ның жалған мәлімдемесі тарады

Әлеуметтік желілерде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының маска тағудың енді қажеті жоқтығы туралы жазылған мәлімдемесі талқылануда. Құжат скриншоты осы жылдың 25 қаңтарында жарияланған.

Алайда, stopfake.kz сайтының мәліметінше, ДДҰ-ның ешбір маманы мұндай мәлімдеме жасамаған. «Интернетте тарап кеткен скриншот Principia Scientific International конспирологиялық ресурсынан шыққан және ДДСҰ-ға еш қатысы жоқ. Сайтта, тіпті, контекстен алынған дәйексөз келтірілген, шындығында, ол ДДҰ-ның 2020 жылғы 1 желтоқсандағы Mask use in the context of COVID-19 құжатынан алынған. Онда «адекватты қорғаныс деңгейін қамтамасыз ету үшін масканы тиісінше қолдану жеткіліксіз» делінген. Бұдан әрі түпнұсқа құжатта COVID-19 алдын алу бойынша қолды жиі жуу және әлеуметтік қашықтықты сақтау сияқты басқа нұсқаулар берілген. Сонымен қатар, құжатта маска тағудың тиімділігін көрсететін зерттеулердің нәтижелері келтірілген», – делінген сайтта.

Анықталғандай, бұл осы құжатты қолдана отырып, жасалып отырған алғашқы манипуляция емес. Бұған дейін ДДҰ басшылығының маска тағу жөніндегі нұсқаулығы оларды қолдану қаупін мойындау ретінде түсіндірілген болатын. Бірақ StopFake.kz құжатта шын мәнінде не туралы айтылғанын егжей-тегжейлі жазған еді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар