Жеңіл формада ауырып шыққандар үшін орнықты жасуша иммунитетін қолдауға вакциналау керек болады.
Бұл туралы UMС клиникалық иммунология, аллергология және пульмонология бағдарламасының жетекшісі, «АстМУ» КеАҚ Нефрология, гематология, аллергология және иммунология курсымен ішкі аурулар кафедрасының аға оқытушысы Елена Ковзель айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Ғылыми негізделген мәліметтерге тоқталсақ, ауырып шыққан пациенттерде үшінші-алтыншы айда антиденелердің нөлдік деңгейге дейін төмендегенін көріп жүрміз.
Аталған адамдарда сақталатын жасуша иммунитеті жеткіліксіз болуы мүмкін. Жеңіл формада ауырғандарда орнықты жасуша иммунитетін қолдау үшін вакциналау қажет екені анық», – деді Е.Ковзель Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Оның айтуынша, пациенттің денсаулық жағдайына бағалау жүғргізіп отыру керек.
Қандай да бір вирустық инфекцияның, аутоиммундық аурулардың болуын тексеру үшін екпе салдырар алдында міндетті түрде тексеру керек.