Көкшетау қаласындағы «Жедел жәрдем» бригадасында Шолпан Ысқақова жиырма жылдан бері, диспетчер болып тапжылмай еңбек етіп келеді.
Осы уақыттың ішінде өзі таңдап алған мамандықтың ащысын да, тұщысын да татып үлгерді. Уақытпен санаспай, күндіз-түні жұмыс істейтін «Жедел жәрдем» қызметкерлерінің ең басты мақсаты – ауырған адамға дер кезінде жетіп, жедел медициналық жәрдем көрсету.
Былтырғы жылдың көктемінде еліміз бойынша төтенше жағдай жария-
лануына байланысты «Жедел жәрдем» қызметкерлерінің жұмысы бұрынғыдан да ауырлай түскен еді. Әсіресе, жұқпалы ауру белең алған жаз айларында шақыртулар өте көп болды. Жұмыс ауыр, күрделі болса да Шолпан Ысқақова жүрек қалауымен таңдап алған мамандығын өзгертуді ешқашан ойлаған емес.
Суретті түсірген Берік Ескенов.
Суретте: «Жедел жәрдем» станциясының диспетчері Шолпан Ысқақова.