Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жеті жүзге жуық екпе салынды - АРҚА АЖАРЫ

Жеті жүзге жуық екпе салынды

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нариман Сыздықов облыстағы эпидемиологиялық ахуал және коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы ақпарат берді.

Нариман Сыздықовтың айтуынша, облыста пандемия басталғалы 36707 адам, ал, соңғы тәулікте 197 адам бақылауға алынған. Бүгінгі күнге дейін бақылаудан алынғандардың саны 30239. 6 мың адам әлі бақылауда. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мәліметтеріне сүйенсек, соңғы тәулікте облыста коронавирус жұқтырған 95 науқас тіркелген.
–Бүгінгі таңда облыста коронавирусқа шалдыққан науқастарды емдеуге арналған инфекциялық стационарларда 1583 төсек-орын бар. Бүгінде оның 589-ында науқастар ем қабылдауда. Науқастар санының азаюы бойынша оң динамика байқалады, – деген басқарма басшысының орынбасары бүгінде облыста аталған індетті емдеумен 17 медициналық мекеме айналысып жатқанын, науқастардың басым бөлігі Көкшетаудағы жұқпалы аурулар орталығына жатқызылғанын жеткізді. Сондай-ақ, ол стационарларда ем қабылдап жатқан 20 науқастың жағдайы ауыр екенін айтты. Стационарлар медициналық кадрлармен, дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілген. Коронавирусқа шалдыққан науқастарды емдеуге барлығы 641 медицина қызметкері жұмылдырылған. Бүгінгі таңда облыста коронавирусқа қарсы екпе егетін 7 пункт жұмыс істейді. Оның бесеуі Көкшетау қаласында орналасқан және Зеренді, Бурабай аудандарында бір-бір пункттен бар. 10 ақпанға дейінгі жағдай бойынша облыста 700-ге жуық адам коронавирусқа қарсы екпе алған. 19 ақпанға дейін 1300 адамға екпе салу жоспарлануда.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар