Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өткен жыл күрделі болғанымен, негізгі міндеттер ойдағыдай орындалды. Алда жаңа міндеттер тұр! - АРҚА АЖАРЫ

Өткен жыл күрделі болғанымен, негізгі міндеттер ойдағыдай орындалды. Алда жаңа міндеттер тұр!

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев Көкшетаудағы «Болашақ сара-йында» онлайн режимінде «Ақмола облысының 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2021 жылдың негізгі міндеттері туралы» халық алдында есеп беру кездесуін өткізді.

Облыс әкімінің халыққа есеп беру кездесуі биыл жылдағыдан өзгеше форматта өтті. «Болашақ сарайының» көпбейінді залы бос болды. Бұл ақмолалықтардың қауіпсіздігі, коронавирус жұқпасының таралуына жол бермеу үшін жасалды. Әрі бұл талап қатардағы тұрғындар ғана емес, сонымен бірге, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне де қатысты болды. Халықтың жоқтығының орнын осы заманғы технологиялар толық көлемде толтырып, тұрғындармен ойдағыдай конструктивті диалог қамтамасыз етілді. Тек бір ғана @ermek_marzhyqpaev Инстаграм-аккаунтында (кездесу «KOKSHE» телеарнасының тікелей эфирінде және басқа әлеуметтік желілерде тікелей көрсетілді) нақты уақыт режимінде Ермек Маржықпаевты екі сағат уақыт бойы бір жарым мың адам тыңдады.
Халықтан ұсыныстар мен сұрақтар әдеттегі тәртіппен қабылданды. Өтініш-тілектер мен ескертулерді жинау үшін аудандар мен қалалардың әкімдері аппараттарының барлық ғимараттарында, сондай-ақ, облыстық әкімдіктің ғимаратында арнайы жәшіктер орнатылды. Мұнымен бірге, аймақ басшысына сұрақтарды электронды мекенжайға жолдап, әлеуметтік желілерде дыбыстауға, атап айтқанда, Telegram-бот – @Ikomek109Aqmola_bot-ына жіберуге мүмкіндік туғызылды. Көптеген ақмолалықтар WhatsApp +77751030068 нөмірі бойынша бейнеқоңырауларды пайдаланды. Сұрақтар сондай-ақ, 109 қысқа нөмірі бойынша да қабылданды.

Есепті кездесудің басындағы он минуттық бейнеролик аймақтың өткен жылдағы өмірінің барлық қырларын қамтуға әрине, аздық етті. Дегенмен, бұл көрсетілім пандемия мен соған байланыс-ты орын алған шектеулердің жаңа өндіріс орындарын ашуға, жұмыс орындарын құруға, тұрғын үй, мектептер мен ауруханалар құрылысын жүргізуге және жолдарды жөндеуге ешбір кедергі жасай алмағанын байқатты.
Облыс тұрғындарының өздерін толғандырған сауалдарына жауап берердің алдында Ермек Маржықпаев Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндап, осыған салыстырмалы талдау жасады.
–2020 жылдың ең маңызды саяси
құжаттарының бірі – Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған және экономиканы басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға, өнеркәсіптік әлеуетті ашуға, ауыл шаруашылығын, кәсіпкерлікті, көліктік-логистикалық кешенді дамытуға, аумақтық дамуды қамтамасыз етуге және пандемия мен бүкіләлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауы екені белгілі, – деп атап көрсетті облыс әкімі.
Қазақстан Президентінің бастамасы бойынша шұғыл және оперативті шаралар шеңберінде салық төлеушілердің көптеген санаттары салықтан босатылғаны немесе оларға салықтар мен әлеуметтік төлемдер бойынша жеңілдіктер жасалғаны атап өтілді. Төтенше жағдай кезеңінде кірістерінен айырылған ақмолалықтарға әлеуметтік төлемдер үлкен қолдау болды. «Біргеміз» және «Біз біргеміз» акциялары шеңберінде әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтарға материалдық көмек көрсетілді, мұғалімдердің еңбекақысы 25 пайызға, мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысы 35-50 пайызға, әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбекақысы 30-60 пайызға және студенттердің шәкіртақысы 25 пайызға көбейтілді. Бюджеттен экономиканың нақты секторын қолдауға бөлінген қаржы мөлшері де аз емес.
Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған жаңа экономикалық бағдарларға байланысты өткен жылдың қорытындылары қазақстандықтардың жаңа жағдайларға бейімделгендігін және реформаларды табысты жүзеге асыруға дайындығын анық көрсетті деп атап өтті Ермек Маржықпаев. Дегенмен де, өткен жылдың баршамыз үшін күрделі болғандығын, ол ең алдымен коронавирус жұқпасының таралуына байланысты орын алғандығын да жасыруға болмайды. Облысымыз әлі күнге дейін «қызыл аймақта» тұр. Жұқпалы дертпен күресте барша әлем елдеріндегі сияқты біз де оған қарсы вакцинациялау шарасын жүргізуден үлкен үміт күтеміз. Өңірімізде «Спутник V» вакцинасын кезең-кезеңімен егу жұмыстары басталды. Пандемия жағдайына қарамастан, облысымыз әлеуметтік-экономикалық дамудағы алға басушылық динамикасын сақтап отыр. Өнеркәсіп, агроөнеркәсіп, құрылыс және экономиканың басқа да салалардағы өсім 104,3 пайыз көлеміндегі жағымды экономикалық көрсеткішке қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Нақты сектордағы өсім жалақы деңгейінің 21 пайызға өсуіне мүмкіндік жасады. Экономиканың барлық салалары бойынша 21 мыңдай жаңа жұмыс орындары құрылды. 2019 жылмен салыстырғанда облыстың даму бюджеті 35 пайызға өсіп, 70 миллиард теңгені құрады. Бұның өзі әлеуметтік, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жол инфрақұрылымы салалары үшін қосымша мүмкіндіктер деген сөз.
Өнеркәсіп секторындағы өсім негізі металлургия, машина жасау, құрылыс индустриясы, тамақ өнеркәсібі салалары болды. Жыл қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 1 триллион теңгелік межеден асып, өткен жылғыдан 230 миллиард теңгеге артық болды. Осының нәтижесінде өнеркәсіп саласының дамуы бо-йынша республикалық рейтингте Ақмола облысы ТОП-3-ке енді, сөйтіп, еліміз бойынша 2-ші сатыдан көрінді.
Пандемия бірқатар өнеркәсіп орындарының жұмысына жағымды серпін бергенін атап өтуге болады. Бірқатар кәсіпорындар жаңа өнімдер өндіруді меңгерді. Мәселен, химиялық өнеркәсіп саласында 5 кәсіпорын жедел дезинфекциялық құралдарды өндіруді қолға алды, ал, жеңіл өнеркәсіп саласында елуге тарта кәсіпорындар қорғаныс маскалары мен костюмдерін тігуді жолға қойды.
2021 жылы өнеркәсіп өндірісі саласындағы өсімнің қосымша мүмкіндіктерінің резервтері тамақ, металлургия, химия өнеркәсібі мен құрылыс индустриясы салаларымен байланысты болмақ, – деп атап өтті одан әрі облыс әкімі.
Өнеркәсіп саласымен бірге, экономиканың негізгі саласы аграрлық сектор болып қала береді. Мемлекет тарапынан жасалған қолдаудың арқасында 2020 жылы ауыл шаруашылығы саласы 13 пайыз өсімді қамтамасыз етті. Бұл – соңғы 10 жылдықтағы ең жоғары өсім. Өткен жылы агроөнеркәсіп саласына қомақты мөлшерде, яғни, 62 миллиард теңгеден астам инвес-тиция тартылды. Бұл – 2019 жылмен салыстырғанда 18 пайызға жоғары.
Облыс орталығы әрқашан ерекше назар аударуды талап етеді. Көкшетау қаласы жыл өткен сайын жаңарып, тұрғындар үшін жайлы бола түсуде және барлық бағыт бойынша қарқынды дамуда. Бұның өзі сырт қарағаннан-ақ анық байқалады.
Облыс басшысы Ермек Маржықпаев бұдан әрі тұрғын үй құрылысы қарқынына тоқталып өтті. Көкшетау қаласындағы Сарыарқа шағын ауданы жаңа тұрғын үйлермен толығып, серпінді дамып келеді. 15 шақырымнан астам көше жолдары жөнделіп, Көкшетау-Атбасар жолындағы кіре беріс арка қайта жаңғыртылды. 2020 жылы Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық Форумына дайындық облыс орталығын дамытуға серпін бергені анық. Белгілі себептермен оны өткізу кейінге шегерілді. Қопа көлінің жағалауын абаттандыру – бұл тек тұрғын үй кешенін ғана емес, барлық қажетті инфрақұрылымдарды дамытуға қатысты үлкен жоба. Кенесары көшесінен Қан құю орталығына дейінгі айналма жолдың құрылысы салынуда.
Қалада саябақтар абаттандырылып, көп қабатты үйлердің сыртқы бейнелері жөнге келтірілді, оннан астам көп пәтерлі үйлердің аулалары жөнделді. Бұндай жұмыстар тек орталықта ғана емес, мәселен, Жайлау шағын ауданында да жүзеге асырылды.
Өз баяндамасында Ермек Маржықпаев (баяндаманың толық мәтіні газетіміздің 2 ақпандағы №12 санында жарияланған болатын) еңбекпен қамту және әлеуметтік қорғау, білім, денсаулық сақтау, спорт, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, туризм, көлік инфрақұрылымы, аумақтық даму салаларының жетістіктеріне де жан-жақты тоқталды.

Есеп беру кездесуінің екінші бөлімі сұрақ-жауап форматында өтті. Облыс әкіміне өздерін толғандыратын сұрақтарды тікелей эфир арқылы қою мүмкіндігін жұртшылық жете пайдаланғаны анық, сұрақтар санының көп болуы осыны көрсетеді. Сұрақтардың басым көпшілігі тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы саласына, абаттандыруға, инженерлік инфрақұрылымды дамытуға арналды және барлық сұрақтарға толыққанды нақты жауап қайтарылды. Ара-тұра облыс басшысы өз баяндамасында айтылған кей жайларды қайталап айтуына тура келсе, кейбір сауалдарды жұмыс орындарында тікелей эфирге қатысқан аудан, қала әкімдеріне жолдады.

Целиноград ауданының Талапкер ауылының тұрғыны облыс әкімінен орталықтандырылған су жүйесіне қосылу мәселесін шешу бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстарға түсінік беруін сұрады.
Облыс әкімі сумен қамсыздандыру ауыл тұрғындарының өзекті мәселелерінің бірі екенін атап өтті.
– Өйткені, су тіршіліктің қайнар көзі адамзат өміріне тікелей әсер етеді, яғни, біз бұл мәселені жіті назарда ұстауымыз керек. Мәселен, 2011 жылы Талапкер ауылында екі мың адам ғана тұрса, қазіргі уақытта бұл ауыл тұрғындарының саны 20 мыңнан асып кетті. Сондықтан да, біз тұрғындарға инженерлік тораптарды орнатуға үлгере алмай жатсақ та, әрбір үйді осы желімен қамтамасыз етуге барымызды салып жатырмыз, – деді әкім.
Оның айтуынша, 2019 жылы құны шамамен 3 миллиард теңге болатын Талапкер ауылын сумен қамсыздандыру жобасы жүзеге асырыла бастады. Екі жылдың ішінде шамамен 1,7 миллиард теңге қаражат игерілді, қалған қаражатты үстіміздегі жылы игеру жоспарланған. Биылғы жылдың күз айында талапкерліктер сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Ермек Маржықпаев елордаға іргелес орналасқан елді мекендерде жүзеге асырылып жатқан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, абаттандыру жобалары астананың айналасындағы елді мекендерді дамыту, «Ауыл – ел бесігі» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламалары арқылы іске асырылып жатқанын атап өтті.
Сонымен қатар, сумен қамсыздандырудың сапалық деңгейі Зеренді ауданы Алексеевка
ауылы тұрғындарының да көңілдерінен шықпай отыр. Олар су тораптарына күрделі жөндеу жұмыстарын жөндеу қажеттігін алға тартады.
Ермек Боранбайұлы өткен жылы халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша Зеренді ауданында атқарылған істер аз емес екенін тілге тиек етті, атап айтсақ, 11 елді мекенді сумен қамтитын ұзындығы 50 шақырымнан асатын су құбыры жөнделді. Алексеевка ауылы туралы нақтырақ айтатын болсақ, бұл ауылды сумен қамтамасыз ету үшін бюджеттен қарастырылған қаражат көлемі 400 миллион теңгені құрап отыр, яғни, су құбыры биылғы жылы толығымен жөнделетін болады. Жалпы, 2021 жылы Зеренді ауданына қарасты жеті ауылдың тұрғындарын орталықтандырылған сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланған.
Жақсы ауылынан түскен сұрақ биылғы жылы салынатын Жақсы-Чистополь автожолына қатысты болды.
– Бұл республикалық маңызы бар автожол учаскесі болғандықтан, біз үшін мәселе аса маңызды болып отыр. 2019 жылы жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, бұл жоба мемлекеттік сараптамадан өтті. Оның құны қомақты, 16 миллиард теңге. Біз бұл жұмысты биыл бастағалы отырмыз, өйткені, республикалық бюджет оған 500 миллион теңге қаражат бөлді. Егер бұл жол учаскесін салатын болсақ, Екатеринбург-Алматы тас жолына шығатын тура жол пайда болады, сәйкесінше, Зеренді курорттық аймағына да тура баруға мүмкіндік туады. Бұдан бөлек, облыс орталығына дейінгі арақашықтық 70-80 шақырымға қысқаратын болады, – деді әкім.
Мемлекет есебінен баспанадан үмітті ақмолалықтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі облыс әкімінің есеп беру кездесуінде жыл сайын көтеріліп жатады. Көкшетау қаласында тұратын көп балалы ана үй кезегінде алтыншы болып тұр екен, ол өзінің тұрғын үй жағдайын биыл жақсартамын деген үмітті екенін жасырмады.
Облыс әкімінің айтуынша, биылғы жылы мемлекетғтік бағдарламалар бойынша кемінде 600 көкшетаулық отбасы бас-панамен қамтамасыз етілетін болады.
– 18 кредиттік және жалдамалы үйлер пайдалануға беріледі. Облыс орталығы бойынша жоспарлап отырған шаруалар көп, – деді бұл орайда Ермек Маржықпаев.
Осы қыста облысымыздың түрлі аймақтарынан, соның ішінде Көкшетау қаласынан да қысқы жылумен жабдықтауға қатысты көптеген шағымдар түскен. Осы ретте, облыс әкімі мұның себебін қаладағы нысандардың жылдан-жылға көбейіп келе жатқандығымен, ал, жылу қазандықтары сол күйінде қалып отырғандығымен түсіндірді. Жылумен жабдықтаудың сапасын жақсарту үшін келесі жылу беру маусымына дейін қосымша газ және мазутпен жағылатын қазандық пайдалануға берілмекші. Соның нәтижесінде бұрынғысына 100 Гкал қосылады. Қазіргі таңда РК-2 үшін қолда бар үш көміртозаңды қазандықтарды жаңарта отырып, қуаттылығы 120 Гкал болатын төртінші қазандық салуға жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Бұл әлбетте, жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік берері сөзсіз.
–Қалада тұрғын үй кооперативтерінің жұмысына қатысты бірқатар проблемалар бар. Өкінішке орай, тұрғындар электр үнемдеу мәселелерінің байыбына бармай, пәтерлерінде өз беттерімен жылу жүйелерін ауыстырады. Осының барлығы артынша мәселе туғызып жатады, – деді облыс әкімі бұл сөзін үйлері орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған ақмолалықтарға қарата айтып.
***
Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевқа тұрғындардан әлеуметтік желілер, сондай-ақ, сall-орталық және электрондық пошта арқылы түскен, бірақ, есеп беру кездесуінде қамтылмай қалған сауалдардың жауабы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар