Қазақстанда COVID-19 вакцинациясынан бас тартуға болмайды деген ақпарат жалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Stopfake.kz ресурсына сілтеме жасап.
Қазнет қолданушылары Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау міндетті болатыны туралы жаңалықты талқылап жатыр. Олар 2020 жылғы 24 қыркүйектегі «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қарсы міндетті профилактикалық егулер жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық егілуге жататын топтарын бекіту туралы» қаулыға өзгерістер енгізу туралы» қаулыға сүйенеді. Шын мәнінде қаулыда бас тартуға болмайтын мәжбүрлі вакцинация туралы айтылмаған.
– Вакцинация ерікті түрде жүргізіледі, яғни, азаматтар екпе алуға өз еркімен келісім беруі тиіс, – деп түсіндіреді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі. Бұдан басқа, 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексте бұрынғыдай ҚР кез-келген азаматының «Емделуге және басқа да медициналық араласуларды, оның ішінде профилактикалық егулерді жүргізуге хабардар етілген келісім беруге немесе бас тартуға» құқығы бар нормалар сақталған. 16 жастағы және одан асқан балалардың профилактикалық және консультациялық-диагностикалық көмек алудан хабардар түрде бас тартуға құқығы бар.