Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Вакцина емдемейді, бірақ, ауырып қалмауға мүмкіндік береді - АРҚА АЖАРЫ

Вакцина емдемейді, бірақ, ауырып қалмауға мүмкіндік береді

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте спикерлер жаңа вакцина туралы мифтер мен фактілер туралы айтып берді. Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының клиникалық және ғылыми жұмыстар жөніндегі директорының орынбасары, профессор Ләззат Ералиева кезінде әлемді обадан нақ осы вакцина құтқарғанын еске салып өтті.

«Вакцина дәрі емес, ол жұқпалы ауруларды емдемейді. Бірақ, тарих көрсеткендей, вакцинацияның арқасында әлем бірқатар қауіпті және ауыр инфекциялардан арылды. Бүгінгі таңда COVID-19 вакцинациясы туралы мифтер көп, мен сенімді ақпаратталуға, сондай-ақ, халықаралық және отандық сарапшылардың пікірін тыңдауға шақырамын», – деді Л.Ерәлиева.

Сарапшы түсіндіріп өткендей, КВИ вакцинасы, басқа вакциналар сияқты, иммунобиологиялық препарат болып табылады және қолданған кезде оның қарсы көрсетілімдері, енгізілгеннен кейін мүмкін болатын реакциялар және оны қою шарттары бар. Қазіргі уақытта әлемде әзірленіп жатқан КВИ-ға қарсы вакциналардың құрамы әртүрлі. Бұл – өлтірілген вирустың бөлшектері немесе вирустың РНҚ бөлшектері, мысалы, аденовирус немесе SARS-CoV-2 корона вирусының рекомбинантты ақуыздарының қоспасы сияқты басқа вирустар болуы мүмкін.

«Адам ағзасына енгізген кезде бұл вакциналар оның бойында антиденелер қалыптастырады, иммунологиялық реакция пайда болады, ол әртүрлі адамдарда әртүрлі болуы мүмкін. Жағымсыз реакцияларды бірден айту мүмкін емес, иммунды жауаптың қалыпты көріністері мен иммундаудан кейінгі жағымсыз көріністерді ажырату қажет», – деп атап өтті Л.Ерәлиева.

Оның айтуынша, көп жағдайда вакцинациядан кейін адам ештеңе сезбейді. Қалыпты реакцияларға вакцина енгізілген жердің қызаруы немесе ісінуі, дене температурсының қысқа мерзімді жоғарылауы жатады. Кейбір жағдайларда гиперреакция болуы мүмкін бұл жоғары температура мен аллергиялық белгілер. Бұған көп жағдайда созылмалы және өткір аурулардың асқынуы себеп болады. Айта кетейік, мұндай реакция вакцинацияланған адам екпеден кейін белгілі бір режимді сақтамағанда болады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар