Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Босаңсуға болмайды - АРҚА АЖАРЫ

Босаңсуға болмайды

Ақмола облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде «Қазіргі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал туралы» облыстың бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина хабарлама жасады.

Аймақта жұқпалы және паразиттік ауруларға қатысты эпидемиологиялық жағдай қауіпсіз. Сондай-ақ, құтыру, тырысқақ, оба, туляремия, листериоз сияқты аса қауіпті және карантиндік инфекциялардың жағдайы тіркелмеген.

Жалпы, өңірде бас санитарлық дәрігердің айтуынша, жедел вирусты гепатитпен сырқаттанушылықтың 2,4 есеге төмендегені байқалады. Одан барлығы үш жағдай тіркелген. Оның ішінде біреуі 14 жасқа дейінгі балалар арасында болса, екі жағдай Степногорск қаласында, бір жағдай Целиноград ауданынан тіркелген. Алайда, ағымдағы эпидемиялық маусымда тұмау жағдайы тіркелмеген, ал, өткен эпидемиялық маусымда тұмаудың 84 жағдайы тіркелген. Ал, жедел респираторлық вирустық инфекциялармен аурушаңдық 1,7 есеге жоғарылаған, нәтижесінде, халықтың 100 мың тұрғынына шаққандағы көрсеткіш 3119,3-ті құрайды. Жалпы, барлық тіркелген ауру жағдайы 22987.

Сондай-ақ, Айнагүл Мусина хабарламасының соңында, коронавирустық инфекциямен аурушаңдық әлі де тіркеліп жатқанын ескере отырып, барлық тұрғындарға маска киюге, қолды жиі жууға, антисептиктерді қолдануға және әлеуметтік арақашықтықты сақтауға шақырды.

Яғни, әр түрлі мерекелік іс-шаралар, үйлену тойлары мен отбасылық іс-шараларды өткізуге тыйым салу туралы тағы бір рет еске салып өтті. Сонымен қатар, тексерілмеген ақпаратқа сенбеуге шақырып, коронавирустық инфекцияға қатысты барлық ресми ақпарат санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің және Ақмола облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің әлеуметтік желілерінде жарияланатынын жеткізді.

Бұдан шығатын қорытынды, өңіріміз «сары аймаққа» өтсе де, әлі де екі апта қадағаланып, мониторинг жүргізіліп жатқанын баса айтты. Сондықтан, босаңсудың қажеті жоқ.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Советбек Мағзұмов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар