Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тоқаев бейбіт жиындар туралы: Бұл біздің қоғамды демократияландыру жолындағы өте маңызды қадам - АРҚА АЖАРЫ

Тоқаев бейбіт жиындар туралы: Бұл біздің қоғамды демократияландыру жолындағы өте маңызды қадам

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратураның басшылық құрамымен өткен кеңесте бейбіт жиындар өткізу туралы айтты. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жазды.
«Былтырдан бастап Қазақстанда бейбіт жиындар өткізу туралы мүлде жаңа заң күшіне енді. Егер бұрын қолданыста болған заңда рұқсат алу процедурасы болса, жаңа заңда митинг өткізу туралы хабарласа жеткілікті. Сонымен қатар, ірі қалалардың орталықтарында бейбіт жиындарға, оның ішінде, наразылық акцияларын өткізуге арнайы орындар белгіленген.
Бұл біздің қоғамды демократияландыру жолындағы өте маңызды қадам. Бұл саясатты біздің қоғамда ғана емес, шетелдерде де түсіндіруіміз керек. Жиын өткізгісі келетіндер жаңа заңға бағынуға міндетті.
Азаматтардың билікке қатысты өз ойын білдіру, сыни пікір айту құқынан ешкім айыра алмайды. Бұл олардың конституциялық құқығы және ол қатаң түрде заң аясында орындалуы керек», — деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратураның басшылық құрамымен өткен кеңесте сөйлеген сөзінде.
Еске салсақ, кеше Мемлекет басшысы Бас прокуратураның басшылық құрамымен кеңес өткізді. Өткен жылы мамыр айында Президент «Бейбіт жиындар туралы» жаңа заңға қол қойды. https://www.inform.kz/kz/tokaev-beybit-zhiyndar-turaly-bul-bizdin-kogamdy-demokratiyalandyru-zholyndagy-ote-manyzdy-kadam_a3753947

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар