Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Коронавирусқа шалдығу көрсеткіші ептеп төмендеді - АРҚА АЖАРЫ

Коронавирусқа шалдығу көрсеткіші ептеп төмендеді

Бүгінгі таңда облысымызда коронавирусқа шалдыққан науқастар саны азайып келеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нариман Сыздықов мәлімдеді.

Үстіміздегі жылдың 18 ақпанына дейінгі жағдай бойынша COVID-19 вирусы лабораториялық расталған 12860 дерек тіркелген. Індеттен жазылып шыққандардың саны 11539 адамға жетті. Қазіргі таңда облыстағы стационарларда коронавирусқа шалдыққан науқастарды емдеуге арналған 1583 төсек-орын дайын тұр. 529 науқас стационар жағдайында, 657 науқас амбулаториялық жағдайда  ем қабылдауда. Күн сайын стационарлардан 38-45 науқас жазылып, үйлеріне жіберілуде. Мәселен, 18 ақпанда 30 адам коронавирус диагнозымен ауруханаға жатқызылса, 46 адам жазылып шыққан.

–Биылғы жылдың 31 қаңтарында 1300 дозадан тұратын ресейлік Спутник-V екпесінің бірінші партиясы жеткізілген болатын. 1 ақпанға дейін облыста жеті екпе пунктері әзірленді. Оның бесеуі Көкшетау қаласында  орналасқан. Зеренді, Бурабай аудандарында бір-бір пунктіден бар, – деген Нариман Сыздықов 16 ақпанға дейінгі жағдай бойынша 1075 медицина қызметкері екпе алғанын хабарлады. Осы айдың соңында облысымызға екпенің 100 мың дозасы жеткізілмекші. Және де алдағы жексенбіде бірінші кезеңде егілгендер үшін екінші партиямен тағы 1300 доза әкелінеді.

Өз сөзінде басқарма басшысының міндетін атқарушы үстіміздегі жылы ауылдық жерлерде медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту міндеті тұрғанын, сол себепті Сандықтау, Аршалы аудандық ауруханаларына күрделі жөндеу жүргізіліп жатқанын, ол жұмыстар алдағы көктемде аяқталатынын айтты.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суретті түсірген Советбек МАҒЗҰМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар