Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мақсатты істің нәтижесі болуы керек - АРҚА АЖАРЫ

Мақсатты істің нәтижесі болуы керек

Ақмола облыстық мәслихаты жанындағы депутаттық этика, заңдылық, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссияғның отырысында өңіріміздің қоршаған ортаны жақсарту бойынша облыстық мәслихатпен бекітілген мақсатты индикаторларға қол жеткізу мәселелері талқыланды. Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Мұрат Балпан қатысты.

Облыстық мәслихаттың депутаты Әсен Жақсылықовтың төрағалығымен өткен тұрақты комиссия отырысында ең алдымен, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Айтжан Құсманова баяндама жасап, қоршаған ортаға бөлінетін зиянды қалдықтар көлемін азайту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Айтуынша, жыл сайын түрлі зауыт, кәсіпорындардан шығарылатын қалдықтар көлемі ұлғайып келеді. Оның ішінде тұрғындардың денсаулығына қауіпті улы газдар да бар. Ал, Ақмола облысы бойынша экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Ержан Ахметовэкология департаментінің және табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының мәліметтері бойынша 2020 жылы қоршаған ортаға тасталған зиянды қалдықтар көлемі 136 мың тоннадан асқанын айтты. Биыл ластайтын заттардың атмосфераға шығарылу көлемін 89 мың тоннадан асырмау көзделіп отыр.
–2021 жылы мақсатты индикаторларға қол жеткізу үшін ластайтын заттардың шығарылымы 35 пайызға азайту керек. Ол үшін мекемелер көмірден шығып, жылытудың басқа түріне ауысуға тиіс. Әрі шаң-тозаң газ тазалаушы қондырғыға жөндеу жүргізіп, жаңарту қажет, – деген Ержан Ахметовтың сөзіне қарағанда алдағы уақытта кәсіпорындардан шығарылатын ластаушы қалдықтар мөлшері автоматтандырылған жүйе арқылы қадағаланып отырады. Осы ретте, қоршаған ортаны қорғауды ірі кәсіпорындардан ғана емес, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығынан бастау керектігі, тұрғындарды қоқысты қайта өңдеуге жарамды не жарамсыздығына байланысты екі бөліп тастауға үйрету керектігі туралы мәселе көтерілді. Облыста бірде-бір заңдастырылған полигоны жоқ 10 аудан орталығы бар екен. Олар Щучинск, Макинск, Степняк, Ақкөл қалалары мен Зеренді, Қорғалжын, Ақмол, Аршалы, Егіндікөл, Астрахан елді мекендері. Қатты тұрмыстық қалдықтарды заңдастыру бойынша 2021 жылға жоспарланған мақсатты индикаторларға қол жеткізу үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылдау қажеттігі айтылды.
Сонымен қатар, тұрақты комиссия отырысында облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы өкілдерінің баяндамалары тыңдалып, ұсыныстар айтылды.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар