Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әркімнің өтініш-тілектері заңдық тұрғыда шешіледі - АРҚА АЖАРЫ

Әркімнің өтініш-тілектері заңдық тұрғыда шешіледі

Облыс әкімі, «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы Ермек Маржықпаев партия ғимаратында жеке мәселелерiмен келген азаматтарды қабылдап, олардың өтініш-тілектерін заң аясында және қолда бар мүмкіндіктерге қарай шешу жағын қарастырды.

Бұл жолы қоғамдық қабылдауда болған тұрғындар баспанамен қамтамасыз ету, материалдық және құқықтық көмек көрсету төңірегінде туындаған мәселелерді көтерді.
Көкшетау қаласының тұрғыны Айсұлу Шаяхметова баспана мәселесін шешу жөнінде көмек сұрады. Оның айтуынша, күйеуі науқас және жоғары қабаттағы пәтерден кіріп-шығуы қиынға соғып отыр. Осы ретте, қабылдауға қатысқан қала әкімі Амангелді Смайылов бұл отбасының баспанаға мұқтаж отбасы ретінде пәтер кезегінде тұрмағанын алға тартты. Өйткені, Айсұлу Шаяхметова тұрып жатқан пәтер олардың жеке меншігінде. Сол себепті, қалалық бюджетте жеке меншіктегі пәтерді жөндеу немесе басқа да өзгерістер жасау қарастырылмаған. Тіпті, олар жеке баспанасы болғандықтан, мұқтаж отбасы ретінде қалалық әкімдікте пәтер кезегіне де тұра алмайды. Қала әкімі бұл мәселені пәтерді сату немесе жеке құрылыс компанияларымен келісіп, үстіне қосымша ақша төлеп, төменгі қабатта орналасқан өзге пәтерге айырбастау арқылы ғана шешуіне болатынын түсіндірді.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған Фарида Күшенованы да баспана мәселесі толғандырып отыр. Ол 2015 жылдан бері жетім ретінде 498-інші болып пәтер кезегінде тұр. Оған қолданыстағы тұрғын үй заңнамасына сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қоры есебінен белгіленген тәртіппен кезегі арқылы баспанамен қамтамасыз етілетіні түсіндірілді.
Осы ретте, облыс әкімі Ермек Маржықпаев:
– Көкшетау қаласында облыс бюджеті есебінен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жетім балалар үшін 98 пәтерлі жеке тұрғын үй салуды жоспарлап отырмыз. Бірақ та, бұл олардың мәселесін толық шешпейді. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастыратын боламыз, – деп түсіндірді.
Бүгінгі таңда Көкшетау қаласы бойынша барлығы 9018 адам пәтер кезегінде тұрса, оның 998-і жетімдер. Соңғы екі жылда ата-ананың қамқорлығынсыз қалған небары 80 адам жалдамалы пәтермен қамтамасыз етілген. Қалалық әкімдік тарапынан осы бағытта жүзеге асырылып жатқан шаралар бұл мәселені толық шешуге жеткіліксіз болып отыр. Сол себепті, алдағы жылдары ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетімдерге арналған жатақхана салу қарастырылуда. Осы арқылы баспана кезегін сәл де болса ілгері жылжыту көзделген.
Ал, Көкшетау қаласының тұрғыны Құрманбай Таңатов мемлекеттік құрылымдардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласып, жұмыс істеуіне кедергі жасап отырғаны жөнінде мәселе көтерді. Ол 2007 жылы Краснояр кентінде қараусыз қалған көппәтерлі тұрғын үйді сатып алып, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген екен. Артынша ол 18 пәтерлі бұл үйді Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетіне берген. Алайда, кейін бұл үйлердің бұрынғы иелері бастапқыда жасаған келісім-шарттан айнып, кәсіпкер пәтерді алаяқтық жолмен, заңсыз алды деп, құқық қорғау органдарына арызданған. Содан бері бірнеше рет сот отырысы өтіп, оның барлығын сот кәсіпкердің пайдасына шешкен. Дегенмен, кәсіпкердің ісін сот заңды деп шешкенімен, үстінен қозғалған қылмыстық істер мен сот процестері оның жұмысына, банктен несие рәсімдеуіне біраз кедергі келтіріп отырғаны жайы бар.
Облыс әкімі бұл мәселені заң аясында қарастырып, нақты бір шешім шығарылатынына сенім білдірді.
Баспана мәселесін айтып келген 2-ші топтағы мүгедек әрі жетім Айдана Асылханованың мәселесі оң шешілетін болды. Күрделі ота жасатқызуды жоспарлап отырған оның отбасына Краснояр кентінен уақытша жеке үй берілмекші. Қала басшылығы наурыз айының басында бұл үйге жылу тартылатынын айтты.
Аймақ басшысы қабылдауға келген тұрғындардың әрбірінің сауалын тыңдай келе, барлық өтiнiштердi бақылауға алып, жауапты тұлғаларға тиiстi тапсырмалар беретінін жеткізді.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Айбек ДаНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар