Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Шенеуніктер кедергі келтірсе де, мәселе оң шешілді - АРҚА АЖАРЫ

Шенеуніктер кедергі келтірсе де, мәселе оң шешілді

Облысымызда кәсіпкерлерді әуре-сарсаңға салатын шенеуніктер әрекеті үйреншікті жағдайға айналып барады. Әйтпесе, облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы рұқсат құжатын тек төртінші ретте берер ме еді?!.

Шенеуніктердің жауапсыздығы салдарынан іс сотқа жетіп, құрылысы сиырқұйымшақталған нысандар облысымызда аз емес. Соның бірі – облыс орталығының Краснояр кентіндегі тұрғын үй құрылысы. 2016 жылы Көкшетау қаласының әкімдігі құрылыс компаниясы «СТ Жилстрой» серіктестігіне 18 пәтерлі үш тұрғын үй салу үшін Краснояр ауылынан екі жылға пайдалану құқығымен жер телімін беріпті. 2018 жылы жер телімін пайдалану бо-
йынша келісім-шарттың мерзімі аяқталған соң аталмыш құрылыс компаниясының басшылығы Көкшетау қаласының әкімдігіне жаңа мерзімге жалдау шартын жасасу туралы өтінішпен жүгінді.
Алайда, жергілікті уәкілетті орган бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының жоқтығына сілтеме жасап, құрылыс компаниясы басшылығының бұл ұсынысынан бас тартады. Бірақ, серіктестік Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында мемлекеттік органды жеңеді. Сот отырысы барысында егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының бар екендігі және бас тарту заңсыз екендігі анықталды. Осылайша, «СТ Жилстрой» серіктестігіне тағы да екі жыл мерзімге жер телімін уақытша пайдалану құқығы берілді.
Арада екі жыл өткен соң енді құрылыс компаниясына облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы жер телімін уақытша пайдалану мерзімін ұзартудан бас тартты. Бұл аздай, өткен жылдың қыркүйек айында бақылаушы орган құрылыс компаниясына геодезиялық түсірілімнің болмауына байланысты нысандарды есепке қоюдан бас тартқан. Геодезиялық түсірілім жүргізілгеннен кейін компания қайтадан облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына өтінішпен жүгінді. Осы кезде мемлекеттік орган құрылыс компаниясының басшылығына аталмыш нысандарға егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының жоқтығын айтып, өтінішін қанағаттандырмады.
Сол себепті, құрылыс компаниясы Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы комитетіне тиісті шағым берді. Алайда, мемлекеттік сәулеттік бақылау басқармасы қолданыстағы Заң ережелерін алға тарта отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан рұқсат құжаттарын алғанға дейін бір күн бұрын тапсырыс берушінің заңнама нормаларын сақтауы тұрғысынан салыстырып тексеру жүргізеді.
Ақмола облысының Кәсіпкерлер палатасы бұл түйткілді мәселені бірнеше рет талқылады, соның ішінде Өңірлік кеңес жанындағы құрылыс комитетінің отырысына шығарды.
– Жоғарыда көрсетілген негіздерден басқа, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы нысанды пайдалану бойынша қабылдау актісінде қорытындылар мен декларациялар күнінің жоқтығын сылтау етті. Яғни, мәселені шешуге құлықсыз немесе қасақана мерзімін созып отыр. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңның 73-бабына сәйкес, қабылдау актісіне қол қою күні оны бекіту және объектіні пайдалануға беру күні болып саналады. Актіге авторлық және техникалық қадағалау, тапсырыс беруші, сондай-ақ, құрылыстың бас мердігері сияқты барлық тараптар қол қойды. Осы ретте, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы өкілдері техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асырмай отыр, – деп атап өтті Ақмола облысының Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Расул Сыздықов.
Өңірлік кәсіпкерлер палатасының сарапшылары осы мәселе бойынша барлық материалдарды облыстық прокуратураға жіберді. Қарау қорытындысы бойынша қадағалау органы «аталған заң бұзушылықтар мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы лауазымды тұлғаларының функционалдық міндеттерін тиісінше жүзеге асырмауы нәтижесінде мүмкін болды» деген шешімге келіп, заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс шығарды.
Бүгінгі таңда жергілікті шенеуніктер мен кәсіпкердің арасындағы тұрғын үй құрылысына қатысты шиеленіскен мәселе оң шешіліп, нысан пайдалануға берілді.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар