Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Халыққа тегін нан таратып, ел алғысын алуда - АРҚА АЖАРЫ

Халыққа тегін нан таратып, ел алғысын алуда

Жарқайың ауданының орталығы Державинск қаласында орналасқан «Городок» деп аталатын дүкеннің иесі Татьяна Гайдукованың айтуынша, аудандық аурухананың хирургия бөлімшесінің медицина қызметкері Тәжібек Нұрсейіт әр жұма күні дүкенге келіп, сөреде тұрған нанды өз қаражатына сатып алып, мұқтаж жандарға таратып беруін өтінеді екен.

Тәжібектің өзі дүкен иесіне сауапты істің көп жандарға көмегі тиіп жатқанын көріп, бұл қайырымдылық шараны үзбей жалғастырып отыратынын айтса керек.
Тәжібек Нұрсейіт аудан орталығы Державинск қаласындағы хирургия бөлімінің медицина қызметкері болып жұмыс істейді. Жасы 26-да, әлі үйленбеген. Адал еңбекпен тапқан нәпақасын үнемдеп, халыққа қол ұшын созуға ниет танытып жүрген жүрегі жомарт жігітке ел халқы дән риза. Жас та болса сауабы мол іске мұрындық болып жүрген мейірімді жанмен біз де хабарласып, оны сөзге тартып көрдік.
– Адам баласы қолынан келсе жақсылық жасауға талпынуы керек деп есептеймін. Қиналған сәтте жан баласына бір жылы сөз де жанға демеу. Бір күні нан сатып алуға дүкенге бардым. Менің алдымда тұрған әжейдің нан алуға ақшасы жетпей қалды. Дереу қалтамдағы тиын-тебенімді санап, әжейге нан сатып әпердім. Осыдан кейін әр жұма сайын дүкенге барып, қаражатым жеткенше, сатушыдан дүкендегі нанды сатып алып, оны мұқтаж жандарға беруін өтіндім. Міне, Алланың мейірімімен, алдағы уақытта ай сайын дүкенге келіп түсетін нанның барлығын сатып алатын болдым. Енді бұл дүкенде әр ай сайын қасиетті жұма күні тегін нан таратылатын болады. Негізі бұл ісімді ешкім білмегенін қалап едім. Жария болмаса екен деген ниет қой. Алайда, менің игі ісім басқаларға ой салса, құба-құп, – дейді Тәжібектің өзі.
Иә, «жария болмаса екен деп едім» деген Тәжібектің бір ауыз сөзі бізге ой салды. Қазіргі қоғамда біреуге болмашы бір жақсылық жасаса болғаны, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін шақыруға құмар жандар бары өтірік емес қой. Қалтасы қалың, дәулеті асқан жандардың өзі біреуге тегін бір зат берді дегенді ара-тұра ғана құлағың шалып қалады. Осындайда Тәжібектей жүрегінде иманы бар, жаны ізгі, қолы ашық қазақтың мақтан тұтар ұлдары көп болсын дейміз. Әрі сауапты ісі жарқын болашаққа баспалдақ болсын деген тілек білдіреміз!
Ұлмекен ШАМЕНОВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Державинск қаласы,
Жарқайың ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар