Денсаулық сақтау министрлігі 21 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 22 ақпандағы матрицаға сәйкес, Қазақстанның бес өңірі «сары» аймақта — Нұр-Сұлтан қаласы, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстары. Қалған өңірлердің бәрі — «жасыл» аймақта. Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан «жасыл» аймақта тұр.