Көкшетаудағы жүк автокөліктерін құрастырып шығаратын «КамАЗ-Инжиниринг» акционерлік қоғамы еліміздегі ірі кәсіпорындардың бірінен саналады.
Зауытта қорғаныс күштеріне, төтенше жағдайларға, ауыл шаруашылығы мен коммуналдық қызмет салаларына қажетті қазіргі заманғы жүк көліктері, жоғары сапалы жол талғамайтын сүйрегіштер құрастырылып шығарылады. Бүгінгі күні отандық өндірісте 205 адам еңбек етеді. Мұндағы мамандар өздерінің кәсіби шеберліктерін әрдайым жетілдіріп отырады.
Слесарь-құрастырушы Жанат Қабдуллин екі жылдан бері осы кәсіпорында еңбек етіп келеді. Өзін білікті маман ретінде таныта білген ол бұл күнде жүктелген міндетті абыроймен атқарып, кәсіпорын өнімдерінің отандық нарықта сұранысқа ие болуына үлесін қосуда.
Суретте: слесарь-құрастырушы Жанат Қабдуллин.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.