Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл. Осынау мерейлі датаға орай біздің мектепке дейінгі мекемеде балалар арасында егемендіктің қадір-қасиеті мен отансүйгіштікті насихаттау бойынша іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Жуырда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» атты қалалық онлайн байқауында «Бота» шағын орталығының тәрбиеленушілері Айзере Сарина, Жасмина Қуаныш жүлделі үшінші орынға ие болды. Ал, балабақшаның ересек топ тәрбиеленушілері арасында өлеңдерді үздік орындаған кішкентай қызымыз Малика Сабиева мәнерлеп оқу сайысынан үшінші орынды еншіледі. Бүлдіршіндеріміздің қалалық байқауда жақсы нәтиже көрсеткені біз үшін зор мақтаныш. Егемен еліміздің осындай талапты балапандарының өсе беруіне тілектеспіз!
Толқын МАХАМБЕТОВА,
«Бота» шағын орталығы «Аққулар» ересек тобының тәрбиешісі.
Станционный кенті,
Көкшетау қаласы.