Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры төлемдерді жүзеге асырады - АРҚА АЖАРЫ

Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры төлемдерді жүзеге асырады

Қазақстанда базалық, міндетті және ерікті деңгейде мемлекеттің,жұмыс берушінің және жұмыскердің арасындағы жауапкершілікті бөлуді көздейтін әлеуметтік қамсыздандырудың көп деңгейлі моделі қызмет атқарады.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жұмыс істейтін азаматтарды қамтиды және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (МӘСҚ) жұмыс берушілердің ай сайын аударатын әлеуметтік аударымдары есебінен қамтамасыз етіледі. Түскен әлеуметтік аударымдар қатаң түрде мақсатты тағайындалуы бойынша туындаған әлеуметтік тәуекелдердің 5 түріне төленетін әлеуметтік төлемдерге жұмсалады.

Мәселен, мүгедектігі бар адамдарға және асыраушысынан айырылған жандарға бюджеттен төленетін мемлекеттік базалық жәрдемақыларға қосымша МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылады. Бұл ретте, еңбекке қабілеттілігінен айырылуы бойынша төлемдердің ұзақтығы адам еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіргенше немесе жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына жеткенге дейін 45 жылға созылуы мүмкін, ал асыраушысынан айырылуы бойынша асырауындағы адам кәмелеттік жасқа толғанша не олар оқу орнын бітіргенше, бірақ  23 жастан аспайтын жасқа дейін төленеді.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі  жұмыс істеген 16 жыл ішінде жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қорғаудың қосымша деңгейі ретінде өзінің тиімділігін дәлелдеді. Бүгінде 144 мыңнан аса адам мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша бюджеттен және МӘСҚ қаржысы есебінен мемлекеттік жәрдемақы алады.

Алушылардың төлемдері мен еңбек өтілі арасындағы өз ара байланысты күшейту мақсатында 2020 жылы МӘСҚ-дан төленетін еңбекке қабілеттіліктен айырылуы және асыраушысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшері бір мезгілде орта есеппен 65 пайызға арттырылды.

Сондай-ақ, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап аталған жәрдемақылар мен  төлемдердің мөлшері күнкөріс деңгейінің өсуіне пропорционалды түрде өсті,  яғни, олардың сатып алу қабілетін сақтау үшін 5 пайыз арттырылды. Мұндай арттыру  жыл сайын жүргізіледі.

Сонымен қатар, жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар соңғы 2 жылда жұмыс берушілерден түскен әлеуметтік аударымдарға байланысты МӘСҚ -дан жұмысынан айырылуы жағдайына әлеуметтік төлемдер алады. Былтырғы жылы азаматтарымыз жұмыссыз ретінде  электронды тіркелуге және Электрондық еңбек биржасы(www.enbek.kz) порталы арқылы әлеуметтік төлем  тағайындауға өтініш беруге мүмкіндік алды.Былтыр республика бойынша 100 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуы кезеңіне МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемдер  төленді.

Сонымен бірге, ана мен баланы қорғау мақсатында МӘСҚ-дан  жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты кірісінен айырылуы және бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты кірісінен айырылуы жағдайларына әлеуметтік төлемдер төленеді. Мәселен, 2020  жылы осындай қолдау елімізде 700 мыңнан аса алушыға көрсетілді.  МӘСҚ-дан бала күтіміне берілетін  әлеуметтік төлем  өтініш берушінің  төлемге құқығы туралы  sms-хабарламаға  оң жауап беру жолымен проактивті түрде тағайындалуы мүмкін (егер өтініш берушінің ұялы телефонының нөмірі  мобильді азаматтар базасында болса).

2020 жылдың қорытындысы бойынша  Ақмола облысында МӘСҚ-дан алушыға жалпы сомасы 7 634 миллион теңге әлеуметтік төлемдер жүргізілді, оның ішінде еңбекке қабілеттілігінен айырылуына 896,7 миллион теңге, асыраушысынан айырылуы бойынша 577,0 миллион теңге, жұмысынан айырылуы бойынша 267,4 миллион теңге, жүктілікке және босануға  2 665,1 миллион теңге және 1 жасқа дейінгі бала күтіміне 3 227,4 миллион теңге.

Тұтастай алғанда, жұмыс істейтін адамдар бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Қазақстан Республикасы Заңында көзделген әлеуметтік тәуекелдер туған жағдайда МӘСҚ-дан әлеуметтік төлем ала отырып, жұмыс істемейтіндерге қарағанда едәуір басымдыққа ие болады.

Сондықтан, әлеуметтік қолдауды қажет ететін  мүгедектігі бар адамдар, асыраушысынан айырылған отбасы мүшелері, жұмыссыздар, жүкті әйелдер мен жас аналар әлеуметтік төлемдерді  уақытында алу үшін әлеуметтік аударымдарды тұрақты түрде, уақтылы, толық көлемде төлеу өте маңызды.

Жұмыс істейтін азаматтардың әлеуметтік қорғалуын арттыра отырып және тұрғындардың жұмыспен қамтылуын ынталандыру арқылы бүгінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың маңызды және қажетті элементі болып отыр.Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі жөніндегі барлық қосымша сұрақтар бойынша www.gfss.kz  сайтынан білуге болады немесе kokshetau@gfss.kz телефоны арқылы 8 (7162) 90-10-21; 90-11-07 Көкшетау қаласы.

 

 «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры»

 Ақмола облысы бойынша

АҚ филиалы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар