Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының әкімі, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының төрағасы Ермек Маржықпаевтың құттықтауы - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының әкімі, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының төрағасы Ермек Маржықпаевтың құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар!
Сіздерді шын жүректен 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтаймын!
Бұл күн біздің баршамыз үшін күрделі кезеңдерді бірлесіп артта қалдырған және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығы арқасында ортақ күш-жігермен тәуелсіз Қазақстанды ілгері апарған біздің еліміздің барлық этностарының мейірімділігі мен достығының жарқын символына айналды.
Біздің еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығы атап өтілетін биылғыдай жылы әрбір ақмолалықтың аймақта бейбітшілік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесін атап өтудің, табысты мемлекет орнатқанымыз үшін алғыс сезімін білдірудің маңызы өте зор.
Өткен жыл мен биылғы жыл біздің баршамыз үшін үлкен сынақ болды. Коронавирус эпидемиясы және осыған байланысты карантиндік шектеулер бүкіл әлемдік қауымдастық үшін ғана емес, сонымен бірге, бүкіл біздің еліміз үшін де елеулі емтихан болып табылады.
Осы жұқпалы аурумен және оның зардаптарымен күресте ақмолалықтар өздерінің бірлігін, мейірімін, еңбексүйгіштігі мен үлкен жауапкершілігін көрсетті. Коронавирус жұқпасымен күреске медициналық қызметкерлер, полицейлер мен әскерилер, қайырымдылық ұйымдары мен меценаттар, волонтерлер, мемлекеттік қызметшілер қатарынан 3 мыңнан аса еріктілер жұмылдырылды.
Сіздердің баршаңызға коронавирус жұқпасымен күреске қосқан үлестеріңіз және біздің тұрғындарға пандемиямен келген қиындықтарды жеңуге көрсеткен көмектеріңіз үшін зор алғысымды білдіргім келеді.
Мемлекетіміз үшін тағдыршешті құжаттарды қабылдауға белсене қатысқан, тәуелсіз Қазақстанның, біздің аймақтың негізін қалаған және бүгінгі таңда да белсенді өмірлік көзқарасымен ерекшеленген адамдарымыздың бәріне шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Сіздерге еңбектеріңіз үшін, патриоттық сезімдеріңіз және тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттілігін нығайтуға қосқан үлестеріңіз үшін мың алғыс! Біздің халқымыз өзінің әлеуметтік тегіне, этникалық ерекшелігіне және діни сеніміне қарамастан, бірлік пен келісімді, адамның жеке басына деген құрметті сақтай білді және нығайта түсті. Көктемнің осы бір алғашқы күні әрбір отбасына жақсылық, бейбітшілік пен ынтымақ-береке тілеймін. Денсаулықтарыңыз зор болып, Қазақстан Республикасының гүлденуі жолында табыс-
ты еңбек ете берейік!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар