Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Балалар командалары күш сынасуда - АРҚА АЖАРЫ

Балалар командалары күш сынасуда

Республика бойынша жасөспірімдер арасында хоккейден ел чемпионаты басталды. Рамазан Айғайбеков атындағы «Арлан» хоккей академиясының балғындары өз алаңдарында атыраулық «Бейбарыс» құрамасын қабылдады. Жарыс қорытындысы бойынша 2:9 есебімен жергілікті құрама жеңіліс тапты.

«Арлан» хоккей академиясының  белді мүшелерінің бірі – Марат Ыбыраев. Ол спорттың осы түрімен 5 жылдан астам уақыт айналысып келеді. Қақпашы Мараттың айтуынша, хоккей нағыз ер азаматтар айналысатын  спорт түрі. Қақпашы болу үлкен жауапкершілікті жүктейді. Осы жарысқа да ұзақ дайындалдық.  Ең бастысы, өте жақсы ойын көрсету деп ойлаймын, – дейді ол.
Ал, қарсылас кұрама да осы жарысқа тыңғылықты дайындықпен келген. Ойынның бірінші минутында-ақ атыраулық балғындар есеп ашты. Яғни, «Бейбарыс» командасының шабуылшысы Никита Понрадиль өзіне берілген пасты сәтті пайдаланып,  қарсыластар қақпасынан саңылау таба білді. Араға 7 минут салып ойыншы гол санын тағы көбейтті.
«Бейбарыс» клубының бас бапкері Сергей Огородников өз сөзінде дайындықтың жақсы екендігін айтты.
–Пандемияға байланысты көбінесе өз алаңымызда дайындалдық. Бір-екі мәрте Орал қаласында достық кездесулер өткіздік. Біз бұрындары «Арлан» академиясымен кездескен емеспіз.  Жақсы ойын болды деп ойлаймын,–дейді ол. «Бейбарыс» клубы осымен 3 жыл ел чемпионатында өнер көрсетуде. Өткен жылы қола медальды қанжығалаған. Ал, балалардың «Арлан» хоккей академиясы тек былтыр ғана ашылған болатын. Сондықтан, балғын хоккейшілерден күтер үміт көп. «Арлан» хоккей академиясының бас бапкері Юлиан Попович өздерінің  осы жарысқа жарты жылға жуық дайындалғанын айтты.
–Балалар өз бабында. Бірақ эпиджағдайға байланысты алдағы жоспарды болжау өте қиын. Алда қандай командалармен кездесетініміз  де белгісіз. Дайындықты үзбей жалғастырамыз, – деді бас бапкер. «Арлан» атауы көкшетаулықтарға етене таныс. Дәл осы атаумен жергілікті негізгі клуб өңір намысын абыроймен қорғап, бұл күні республикалық біріншілікте көш басында тұр. Дәл сол мықтылардың ізін басатын хоккейшілер алдағы уақытта осы жолы кеткен есені қайтарып, өңір атын асқақтатады деп сенеміз.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар