Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ел бірлігі бәрінен қымбат - АРҚА АЖАРЫ

Ел бірлігі бәрінен қымбат

Алғыс айту күні қарса-ңында Қазақстан Рес-публикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойын-ша департаментінде Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге келгендердің қатарында мемлекеттік қызмет ардагері, облыстық поляктар бірлестігінің құрметті мүшесі Павел Трищ, Ақмола облыстық «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы Герихан Яндиев, Ақмола облыстық поляктар бірлестігінің төрағасы Наталья Нагачевская болды.
Департамент басшысы Берген Беспалинов Алғыс айту күнінің маңыздылығына тоқталып, бұл ерекше мағына мен рухани қуанышқа толы, бір-бірімізге деген құрмет пен достық сезімдерін нығайтатын мереке екенін атап өтті.
Кездесу қонақтары депортация жылдарында қоныс аударушыларды қолдағандары үшін Қазақстан халқына шексіз ризашылықтарын білдірді. Мемлекеттік қызметшілерді осы бір айтулы мерекемен құттықтай отырып, Павел Трищ Қазақстанда өтіп жатқан өз өмірі туралы баяндап берді.
– Ұлтым поляк. Қазақстанда туып, өстім. Менің ата-бабаларым 1936 жылы Батыс Украинадан жер аударылды. Мен қазақ халқына бізді паналатқаны, аяққа тұруға мүмкіндік бергені үшін өте ризамын. Қиын кезеңдер болды. Бірақ, Қазақстан халқының бірлігі мен достығының, сондай-ақ, Елбасының күш-жігерінің арқасында біз бұл қиындықтарды еңсердік, – дей келе, ол Қазақстан, достық пен туған жерге деген сүйіспеншілік туралы өз өлеңдерін оқып берді.
Герихан Яндиев те өз халқын депортациялау туралы толығырақ айтып берді. Оның отбасы Қазақстанға 1944 жылдың ақпан айында қоныс аударған. Барлық қоныс аударушылар сияқты өте үлкен шығындарға ұшырап, көптеген қиыншылықтардан өтті. Ол қоныс аударушылардың тарихын есте сақтау және ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу өте маңызды деп есептейді. Ал, Наталья Нагачевскаяның айтуынша, біздің елімізде өмір бойы поляктар қазақ халқының салт-дәстүрлерін бойына сіңіріп, әдет-ғұрыптарын құрмет тұтып келеді. Өз кезегінде Ақмола облыстық поляктар бірлестігі халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында Қазақстан мен Польша арасындағы экономикалық байланыстарды дамытумен, поляк тілін, мәдениеті мен ұлттық дәстүрлерін сақтауға жәрдемдесумен, қазақстандықтарды осы елге білім алуға даярлаумен айналысады.
Алғыс айту күніне арналған жылы жүзді кездесудің соңында департамент басшысы Берген Беспалинов меймандарға қоғамдық келісімді дамытуға қосқан үлестері үшін өзінің және ұжымының атынан алғысын білдірді.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар