ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – Американың реттеуші органы Johnson & Johnson компаниясы өндірген коронавирусқа қарсы бір компонентті вакцинаны қолдануға рұқсат берді. Вакцинаның алғашқы партиясы 1 наурыз күні жеткізіледі деп күтілуде. ҚазАқпарат бұл туралы BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Johnson & Johnson препаратының тиімділігі сырқаттың халі ауыр болған жағдайда 85% көрсетіп отыр.
Осы аптада Азық-түлік және медициналық препараттардың сапасын санитарлық қадағалау басқармасының сарапшылары (FDA) аталмыш вакцинаның қауіпсіздігіне қатысты қорытындыны жариялаған болатын. Олардың бағалауынша, коронавирус жеңіл түрде өтіп жатқан науқастарда препараттың тиімділі – 66,1%, сырқаттың ауыр жағдайында 85% көрсеткен.
Осылайша, АҚШ-та коронавирусқа қарсы үшінші препараттың қолданысына рұқсат беріліп отыр — Pfizer/BioNTech, Moderna және Johnson & Johnson.
Бұған дейін Johnson & Johnson компаниясы Америка үкіметімен 100 млн доза вакцинаны жеткізу бойынша 1 млрд долларға келісім жасасқаны хабарланған еді.
https://www.inform.kz/kz/koronavirus-aksh-zhana-vakcinany-koldanuga-ruksat-berdi_a3758641