Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жемқорлыққа қарсы күресте біз бәріміз біргеміз! - АРҚА АЖАРЫ

Жемқорлыққа қарсы күресте біз бәріміз біргеміз!

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы квест-2021» («AntiParaCraft -2021») атты студенттер арасында квест-ойынының ақтық сайысы болып өтті. Мұндай сайыс республика бойынша тұңғыш ұйымдастырылып отыр. Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі, Ақмола облыстық әкімдігі, Агенттіктің Ақмола облысы бойынша департаменті Көкшетау университетімен бірлесіп өткізген бұл шара аса тартымды өтті.

Сайысты Агенттіктің Ақмола облысы бойынша департамент басшысы Мұрат Төлеубаев кіріспе сөзбен ашты. Департамент басшысы өз сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жастардың аса белсенділік танытулары қажеттігін айтты, сайысқа қатысушы жастарға сәттілік тіледі.
Сайысқа университетте жасақталған 6 команда қатысып, олар ең әуелі әрқайсысы өз командаларын таныстырып, жемқорлыққа қарсы күрестегі ой-ұстанымдарын назарға ұсынды. Бұл арада әр команданың өз ұстанымдарын, ойларын жеткізу шеберлігіне, мақсаткерліктеріне, сахна шеберліктеріне баса көңіл бөлінді. «Команда капитандарының» байқауы да аса тартысты жағдайда өтті.
Бұл сайыстың негізгі мақсаты студент жастар бойында сыбайлас жемқорлыққа төзбестік таныту қасиетін қалыптастыру еді. Және де жастардың ақыл-парасаттары арқылы жемқорлыққа қарсы күресу мәдениетін тәрбиелеу аса маңызды міндет болса керек-ті.
Бұл сайыс негізінен осы үдеден шықты деуге болады. Ең бастысы, жалындап тұрған жастардың қоғамға тигізер орасан зияны мен кесірі барлығын жан дүниелерінен өткізіп, саналарын жемқорлық сияқты дертке қарсы аянбай күреске тұру ойлары шарпығанын аңдатты. Сонымен бірге, жастар ойын барысында жемқорлыққа қарсы заңды жақсы меңгергендігін, тіпті жемқорлықтың әлемдік тарихын да жетік білетіндіктерін, күнбе-күнгі тұрмыста қандай жағдай пара беруге итермелейтіндігін де түрлі сахналық көріністер арқылы әсерлі әрі нанымды етіп көрсете білді.
Жалындап тұрған алты команданың жастарының сайыс барысындағы өнерлері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу қажеттігін, оған жол беруге болмайтындығын нанымды сыйпаттағандығы қуантты. Енді осы жастар және көрермен болып отырған жастар жемқорлықтың қоғамға қауіпті дерт екендігін терең сезініп, енді бұл жастардың өздері де сол жемқорлыққа қарсы тұратындықтарына иландық.
Әр команда өз бағасын алды. Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.Е.Мысырәлімова, университет ректоры М.Қ.Сырлыбаев, Агенттіктің Ақмола облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Арман Бердалин өз сөздерінде жемқорлыққа қарсы күресте жастардың үлкен қуатты күш екендігін атап көрсетті. Петропавл қаласындағы Киров зауытының директоры Амангелді Арғынбаев озат команданың жас-тарына ноутбуктар сыйлады.
Осы сайстың қазылар алқасының төрағасы, республикалық ақпараттық-ағарту штабының мүшесі Жабал Ерғалиев сайысты қорытындылай келіп:
–Бүгін Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрамы өздеріне сенімді көмекші бола алатын көкшетаулық жастармен толыға түсті деуге болады. Бүгінгі мына сайысқа қатысқандар да, осы сайысты тамашалаған жастар да жемқорлыққа қарсы тұрарына деген сенім ұялады. Бұл орайда, Агенттіктің төрағасы А.Ж.Шпекбаевтың өз мекемесінің қызметін түбегейлі қайта құрып, қалың халықтың арасына кіруі арқылы қазақстандықтардың бірлессек жемқорлықты жоюға болады екен ғой деген сенімін оята білді,–деді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суреттерді түсірген Советбек Мағзұмов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар