Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекет басшысының тапсырмасымен уақтылы енгізілген шектеу шаралары індетті жұқтыру тізбегін бұзуға және инфекцияның одан әрі таралмауына мүмкіндік берді - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекет басшысының тапсырмасымен уақтылы енгізілген шектеу шаралары індетті жұқтыру тізбегін бұзуға және инфекцияның одан әрі таралмауына мүмкіндік берді

Бүгін 2020 жылдың қорытындылары мен денсаулық сақтау жүйесін дамыту перспективалары Орталық коммуникациялар қызметі алаңында айтылды. ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов коронавируспен күрестің негізгі басымдықтарына тоқталды. Таралу хронологиясы мен онымен күресу шаралары жайлы баяндады.

«Өткен жылдың 16 наурызында Мемлекет басшысы төтенше жағдай режимін енгізді, 11 мамырдан бастап қатаң шектеу шаралары жеңілдетіле бастады, бұл өткен жылдың маусым-шілде айларында ең жоғары көрсеткіштермен коронавирустық инфекция аурушаңдығының өсуіне әкеп соқты. Осыған байланысты, 2020 жылғы 5 шілдеден 17 тамызға дейін біз бір жарым айға (яғни, 3 толық инкубациялық цикл) шектеу шараларын күшейту туралы шешім қабылдадық. Бұл шаралардың енгізілуі инфекция тізбегін үзу арқылы республикада эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына әкелді. Сондай-ақ, карантин енгізілгеннен кейін инфекцияның берілу қарқындылығын сипаттайтын көрсеткіштің — инфекцияның репродуктивті көрсеткішінің тұрақты төмендеу үрдісі байқалды. 1 тамызда Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында Қазақстан аурулардың халықаралық жіктемесінің жаңа кодтары бойынша COVID-19 жағдайларын тіркеуге және есепке алуға көшті. Бұл жұмыстың алдында ДДСҰ-мен оң және теріс ПТР сынақтарымен (КВИ + және КВИ -) коронавирустық пневмонияның жаңа кодтары бойынша жағдайларды кодтау мәселелері бойынша бірқатар техникалық консультациялар өткізілді», — деді спикер.

Сондай-ақ ол 2020 жылдың тамызында Қазақстан шектеу шаралары жиынтығымен эпиджағдайды бағалау мен болжаудың бірегей кешенді жүйесін әзірлегенін атап өтті. Бұл модельді ДДСҰ консультанттарының қатысуымен жетекші ұлттық сарапшылар әзірледі, сондай-ақ оны ЕО елдері бейімдеп, көрші мемлекеттер жоғары бағалады. Қазақстандық мамандар Қырғызстаннан келген әріптестеріне де осы әдістемені үйретті.

Сонымен қатар, еліміздегі жағдайдың тұрақтануы аясында 2020 жылдың екінші жартысында Еуропа мен Азияның бірқатар елдерінде коронавирустық инфекцияның таралуының күрт өсуі байқалды. Бұл Үкіметтің өткен жылдың шілде – тамыз айларында енгізген шектеу шараларының дер кезінде қабылданғанын көрсетеді, бұл инфекциялар тізбегін айтарлықтай бұзуға және инфекцияның одан әрі таралмауына мүмкіндік берді.

https://ortcom.kz/kk/novosti/memleket-basshysynyn-tapsyrmasymen-uaqtyly-engizilgen-shekteu-sharalary-indetti-zhuqtyru-tizbegin-buzuga-zhane-infekciyanyn-odan-ari-taralmauyna-mumkindik-berdi

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар