Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы

Құрметті ханымдар!

Баршаңызды Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Көктемнің шуақты мерекесі қашанда жүрегімізді сүйіспеншілік пен ізгілікке, мейірім мен шапағатқа бөлейді.

Біз жыл сайын осы күні адамзатқа әсемдік сыйлайтын әйелдер қауымына ықылас-ілтипатымызды білдіріп, ақ тілек арнауға асығамыз. Сіздердің мемлекет және қоғам өмірінде алатын орындарыңыз айрықша. «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген нақыл сөз бекер айтылмаған.

Еліміз әйелдердің әлеуетін толық танытуына жол ашып, олардың құқығын қорғауға және тұрмыс жағдайын жақсартуға баса мән береді. Мемлекеттің жүйелі қолдау көрсетуінің арқасында қыз-келіншектердің экономикадағы, саясат пен қоғамдық қызметтегі рөлі жыл өткен сайын арта түсуде.

Тәуелсіздік кезеңінде әйелдердің түрлі салада толағай табысқа жеткеніне бәріміз куәміз. Сіздердің жетістіктеріңіз жұртты жігерлендіріп, жаңа биіктерге жетелейді, жастарға үлгі-өнеге болады.

Әрқайсыңыздың белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз қоғамдағы көптеген өзекті мәселені ұтымды шешуге және елімізді жан-жақты дамытуға ықпал етеді.

Қазақстан әйелдерінің ақыл-парасаты, ерік-жігері мен жасампаздығы барлық қиындықты еңсеріп, сын-қатерлерге төтеп беруімізге септігін тигізуде.

Баршаңызға зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар