КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат — Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің карантин шараларын жеңілдету туралы жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Онда 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанында өңірдегі білім беру орындарында бірқатар карантиндік жеңілдіктер қарастырылған. Мәселен, оқушылар саны 300-ге дейін контингенті бар, сыныптарда 15-тен көп емес бала санымен қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқытылады.
– 2021 жылғы 1 наурыздан бастап жалпы білім беретін мектептерде мектеп алды сыныптардың, 1 сыныптан 5 сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1 сыныптан 7 сыныпқа дейін қоса алғанда, сыныптарда 25-ке дейін бала санымен оқушыларды аралас форматта оқытылады;
– оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде аралас форматта оқытуға: пәндердің 70 пайызы штаттық режимде, 30 пайызы қашықтықтан оқытылады (сыныпта 15 адамнан артық емес, «1 сынып — 1 кабинет» қағидаты бойынша оқыту, санитариялық-дезинфекциялық және маска режимдерін сақтау);
– білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға рұқсат беріледі.