Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Ақмола облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын жеңілдету туралы» Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 24 ақпандағы №9 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы - АРҚА АЖАРЫ

«Ақмола облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын жеңілдету туралы» Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 24 ақпандағы №9 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID–19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әріCOVID-19) таралуының алдын алу  мақсатында және «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 05 наурыздағы № 10 қаулысына(бұдан әрі- ҚР БМСДҚ) сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. «Ақмола облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын жеңілдету туралы» Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 24 ақпандағы №9 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

3) қоғамдық тамақтандыру объектілерінде және үйде ұйымдастырылатынкөпшіліктің қатысуымен өтетін іс-шараларға (отбасылық, естелік (банкет, үйлену тойы, мерейтой, мерекелік корпоративтер, дұға) және ҚР және Ақмола облысы  БМСД-нің қолданыстағы қаулылары негізінде қызметі шектелген объектілерге барудан бас тарту ұсынылады;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Аудандар мен Көкшетау,Степногорск қалаларының әкімдері:

  • көпшілік іс-шараларын (мерекелік, спорттағы көпшілік, ойын-сауық, мәдени-көпшілік іс-шараларды, форум, конференция, семинар, көрме және т.б. өткізуге), отбасылық, естелік іс-шараларды (банкет, үйлену тойы, мерейтой,мерекелік корпоративтер, дұға) және көпшілік жиналатын өзге де іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізуге тыйым салуды;
  • ойын-сауық мекемелері (караоке, бильярд, боулинг орталықтары, компьютер клубтары, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалар ойын алаңдары мен аттракциондары, батут және тағы басқалар), букмекер кеңселері мен ересектер мен балаларға арналған өзге де ойын-сауық орындары, кальян орындары (оның ішінде қоғамдық тамақтану объектілеріндегі) қызметіне тыйым салуды;
  • банкет залдарының қызметіне тыйым салуды;
  • мерекелік корпоративтерді ұйымдастыру мен өткізуге тыйым салуды;
  • кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелері қызметіне тыйым салынсын.№ 67ҚР БМСДҚ талаптары және топтарда 25 адамнан артық емес комплектация сақталған мектепке дейінгі балалар мекемелері кезекшілік топтары қызметіне рұқсат етіледі;
  • көрермендермен бірге спорт іс-шараларын өткізуге тыйым салуды;
  • қалааралық автобус, микроавтобус қозғалысына рұқсат беріледі;
  • отырғызу орындары 75%-дан аспайтын, бірақ 15 адамнан артық емес жүйелі жүрмейтін қалааралық тасымалға рұқсат беру;
  • отырғызу орындары 75%-дан аспайтын, бірақ 15 адамнан артық емес жүйелі жүрмейтін облысаралық (туристік) тасымалға рұқсат беру;
  • отырғызу орындары 75%-дан аспайтын, бірақ 15 адамнан артық емес жүйелі жүрмейтін қалааралық (туристік) тасымалға рұқсат беру;
  • қала маңындағы жолаушылар поездарының/электр пойыздарының жалпы вагонсыз қозғалысын жандандыруды;
  • № 67 ҚР БМСДҚ-ға 3-қосымшаға сәйкес алгоритмді сақтай отырып, (қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған кезде) кеңестерді (отырыс) бетпе-бет режимде өткізуге рұқсат беруді;
  • белгіленген талаптарды сақтай отырып және ұжымдық іс-шараларды өткізбестен діни объектілер (мешіт, шіркеу, собор, синагога және т.б.) қызметіне рұқсат беруді;
  • мәдени объектілері (30 адамға дейін жеке топпен репетиция өткізу ғана)қызметіне рұқсат беруді;
  • кітапхана, мұражай, гүлдер дүкені, фотосалон қызметіне рұқсат беруді;
  • № 67 ҚР БМСДҚ-ға 9-қосымшаға сәйкес көрермен залында келушілерді отырғызған кезде бір-бірінен екі метр қашықтықты сақтай отырып, 20%-дан асырмай толтыру кезіндекинотеатр, театр және концерт залдары қызметіне рұқсат беруді;
  • сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлеріндегі фудкорттар (тамақты үйге жеткізу және сыртқа шығару) қызметіне рұқсат беруді;
  • № 67ҚРБМСДҚ-ға 5-қосымшаға сәйкес сауда алаңының 1 адамға 4 ш.м. есебінен сауда аймақтарда (бутиктерде) әлеуметтік қашықтық сақталған жағдайда азық-түлік және азық-түлік емес ашық базарлар қызметіне рұқсат беруді;

19) № 67 ҚРБМСДҚталаптары сақталғанкелушілер санын30%-дан асырмай және бір келушіге кемінде 4 ш.м. орын сақталған азық-түлік емес және азық-түлік жабық базарлары (базар үлгісіндегі сауда үйлері, сауда орталықтары, павильон, дүкен және т. б.) қызметіне рұқсат беруді;

20)№ 67 ҚРБМСДҚталаптары сақталған келушілер санын 30%-дан асырмай және бір келушіге кемінде 4 ш.м. сақталған жағдайда азық-түлік емес дүкендердің қызметіне рұқсат беруді;

21)№ 67 ҚРБМСДҚталаптары сақталған (объект персоналы қорғау құралдарымен қамтылуы тиіс, персонал қолғапсыз, бетпердесіз жұмысқа жіберілмейді, келушілерге қызмет көрсеткен кезде персоналдың (официант) қолғапсыз, қорғау экрансыз жұмысына рұқсат берілмейді), көпшілік жиналатын салтанатты, отбасылық, естелік, ұжымдық және басқа да іс-шараларды өткізбестенжұмыс тәртібі сағат 07.00-ден 24.00-ге дейін, келушілердің саны 50%-ға дейін, бірақ отыратын орын 50-ден артық емес, үстел арасындағы қашықтық 2 метрден кем емес және келушілер арасында 1 метрден кем емес қашықтық сақталған қоғамдық тамақтандыру объектілері қызметіне рұқсат беруді;

22) № 67 ҚРБМСДҚталаптары сақталған,объект персоналы қорғау құралдарымен қамтылуы тиіс, персонал қолғапсыз, бетпердесіз жұмысқа жіберілмейді, келушілерге қызмет көрсеткен кезде персоналдың (официант) қолғапсыз, қорғау экрансыз жұмыс жасауына рұқсат берілмейді,көпшілік жиналатын салтанатты, отбасылық, естелік, ұжымдық және басқа да іс-шараларды өткізбестенсағат 07.00-ден 24.00-ге дейін, бір мезгілде келушілердің саны 50%-ға дейін, бірақ отыратын орын 50-ден артық емес, үстел арасындағы қашықтық 2 метрден кем емес және келушілер арасында 1 метрден кем емес қашықтықсақталған балалар мен ересектерге арналған жыл бойы жұмыс істейтін сауықтыру шипажайлары, демалыс үйлері қызметіне, сол жерде тұратын және жұмыс істейтін адамдарды тамақтандыра отырып, өнеркәсіп кәсіпорындары асханалары жанындағы қоғамдық тамақтандыру объектілеріқызметіне рұқсат беруді;

23)жол бойындағы сервис объектілері (қоғамдық тамақтандыру және сауда) қызметіне рұқсат беріледі, сағат 00.00-ден 06.00-ға дейін тамақты сыртқа шығарып, өнімнің сатылуы рұқсат етіледі;

24) № 67 ҚРБМСДҚталаптары сақталған,санитариялық нормаларға сай келетін Сәйкестік актісі болып, клиент залында (4 ш.м. 1 адам және оңтайлы жұмыс аймақтары шекаралары белгіленіп, кресло арасында кемінде 2 метр қашықтық) әлеуметтік қашықтық сақталған сұлулық салондары, шаштараз, маникюр және педикюр қызметтері, косметология қызметін көрсететін объектілер қызметіне рұқсат беруді;

25) № 67ҚРБМСДҚталаптары сақталған,алдын ала жазылу бойынша топта 15 адамнан артық емес балалар кабинеттерінің/түзету орталықтары, балалар мен ересектердің білім беру орталықтары қызметіне  рұқсат беруді;

26) № 67ҚРБМСДҚталаптары сақталған келушілер санын 50%-дан аартық емес және бір адамға 5 ш.м. кем емес орынды қамтамасыз етіп, фитнес орталықтары, тренажер залдары мен спорттық-сауықтыру орталықтары қызметіне рұқсат беруді;

27) № 67 ҚРБМСДҚталаптары сақталған,келушілер санын 50%-дан асырмай және бір адамға 4 ш.м. кем емес орын болған жағдайда (монша ішінде шешінетін орын, гардеробы бар вестибюль, жуынатын орын, бу бөлмесі, демалыс бөлмесіз, ас ішетін орынсыз және жуыну уақытын 60 мин. дейін  шектей отырып)монша қызметіне рұқсат беруді;

28) № 67 ҚР БМСДҚталаптары сақталған бір келушіге 4 ш.м. кем емес және  50%-дан асырмай толтыру кезінде жексенбі күні тоқтата тұрып,сауна қызметіне рұқсат беруді;

29) № 67 ҚР БМСДҚталаптары сақталған, клиент залында бір келушіге 4 ш.м. кем емес  әлеуметтік қашықтық сақтау мүмкіндігімен СПА орталықтары қызметіне рұқсат беруді;

30)№ 67 ҚР БМСДҚталаптары сақталған,бір адамға су ауданы 5 ш.м. жеке форматта бассейн қызметіне рұқсат беруді;

31) № 67 ҚРБМСДҚталаптары сақталған,қоғамдық көліктің жұмыс істеуіне (қарбалас сәтте автобус санын ұлғайту, күллі есіктерді ашу, адамдарды отыратын орын саны бойынша отырғызу ) рұқсат беруді;

32) Ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорт жаттығуларына (30 адамнан артық емес, байланыссыз термометрия, спорт базаларында тұру)рұқсат беруді;

33) № 67 ҚРБМСДҚталаптары сақталған,мемлекеттік органдар (ұйымдар мен кәсіпорындар), квазимемлекеттік сектор органдары, ұлттық кампаниялар, өзге де ұйымдар, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілері қызметіне рұқсат берілсін. Бұл ретте, КВИ таралуы меналдын алу іс-шараларына қатысатын ұйымдар мен тіршілікті қамтамасыз ететін кәсіпорындардан, құқық қорғау органдары қызметкерлері мен төтенше жағдайлар қызметі қызметкерлерінен басқа, штаттық кестеде 50-ден артық қызметкер болғанда, қызметкерлердің кемінде 50%-ы қашықтықтан жұмыс атқарады;

34)№ 67 ҚР БМСДҚталаптары және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим сақталған,алдын ала жазылу бойынша медицина орталықтары, стоматология клиникалары менкабинеттері қызметіне рұқсат беруді;

35) № 67 ҚР БМСДҚталаптары сақталған туризм объектілері мен адамдар орналасып тұратын салада қызмет көрсететін ұйымдар (қонақ үй, отель, демалыс үй, туристік база және т. б.) қызметіне рұқсат беруді;

36) № 67 ҚР БМСДҚталаптары сақталған,дәріхана қызметіне рұқсат беруді;

37) № 67 ҚР БМСДҚталаптары сақталған үздіксіз өндірістік циклі бар өнеркәсіп кәсіпорындарықызметіне,ашық ауадағы құрылыс жұмыстарына, ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы және мал шаруашылығына рұқсат беруді;

38) № 67 ҚР БМСДҚталаптары сақталған жәнекүшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим сақталған алдын ала жазылу бойынша көлік салонында 2 клиенттен артық, ТҚС-да 3 клиенттен артық болмауы керек, тұрақты жұмыс орындары арасында кемінде 2 метр қашықтық  болуы келушілерге жанаспайтын қызмет түрлерін көрсету объектілері (көлік жуу, көлік жөндеу, тұрмыстық техника, сағат, телефон, компьютер, аяқ-киім жөндеу, тігін ательесі, кір жуатын орындар, химиялық тазалау, кілт дайындау, тұрмыстық үй принципі бойынша  және т.б.) рұқсат беруді;

39) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актілері негізінде уақыты мен санын шектей  отырып, қаржы нарығы субъектілеріқызметіне рұқсат беруді;

40) 2020-2021 оқу жылы үшінші тоқсанда:

– оқушылар саны 300-ге дейін контингенті бар, сыныптарда 15-тен көп емес бала санымен қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқытуға;

– 2021 жылғы 1 наурыздан бастап жалпы білім беретін мектептерде мектеп алды сыныптардың, 1 сыныптан 5 сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1 сыныптан 7 сыныпқа дейін қоса алғанда, сыныптарда 25-ке дейін бала санымен оқушыларды аралас форматта оқытуға;

– оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде аралас форматта оқытуға: пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтықтан оқытуға(сыныпта 15 адамнан артық емес, «1 сынып — 1 кабинет» қағидаты бойынша оқыту, санитариялық-дезинфекциялық және маска режимдерін сақтау);

– білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға рұқсат беруді;»;

41) колледж бен жоғары оқу орындарының I курс студенттерін екінші семестрден бастап аралас оқытуға рұқсат беруді;

42) № 67 ҚРБМСДҚталаптары сақталған,ас залында бір мезгілде 60 баладан артық емес, бірақ отыратын орын санынан 50%-дан артық емесбілім объектілеріндегі қоғамдық тамақтандыру объектілері қызметіне рұқсат беруді;

43) білім объектілерінде қоғамдық тамақтандыру объектілері қызметін қайта бастаған кезде мектеп асханалары қызметшілерінің жұмысқа шығар кезде бір рет COVID-19-ға ПТР әдісімен тексерілуін қамтамасыз етсін;

44) өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы» РМҚК қызметіне рұқсат беруді;

45) арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернат (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған), жалпы үлгідегі мектеп-интернат, дарынды балаларға арналған мектеп-интернат қызметіне рұқсат беруді;

46) бетперде режимін және кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, 15 адамнан артық емес жеке және ұйымдасқан топтар үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға (мемлекеттік ұлттық табиғи парк, қорық, резерватжәне т.б.) баруға рұқсат беруді;

47) күшейтілген санитариялық-дезинфекцилық режим сақталған жағдайдабір мезгілде 30 адамнан артық болмайтын  облыстық команда дайындау үшін оқу-жаттығуларардың жандандырылуына рұқсат беруді;

48) (отбасы мүшелерін қоспағанда, 2 адамнан артық емес) такси қызмет көрсетуін шектеуді;

49)күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, келушілердің санын 30%-дан асырмай және бір келушіге кемінде 4 ш.м. сақталғанкелушілердің санын жобалық қуаттан 30%-дан асырмай және бір келушіге 4 м2 орын сақталған кезде сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының қызметін шектеу.Балалар ойын алаңдарының, аттракциондар мен балалар ойын бөлмелерінің қызметіне тыйым салуды;

50) № 67 ҚР БМСДҚталаптары сақталған,келушілер санын 30%-дан асырмай және бір келушіге кемінде 4 ш.м. сақталған супермеркет пен гипермаркет жұмыс тәртібін шектеуді;

51) № 67 ҚР БМСДҚ-ға 1-қосымшаға сәйкес 1 адамға кемінде 4 шаршы метр әлеуметтік қашықтықты сақтау мүмкіндігі есебінен толтырылатын кезде бизнес-орталықтары (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттік, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары қызметтері және т. б.) жұмысын ұйымдастыру;

52) № 67 ҚР БМСДҚталаптары сақталған,туристік компаниялар, айырбастау пункттері, ломбард жұмысын ұйымдастыру;

53)халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі-ХҚКО), оның ішінде мамандандырылған ХҚКО-ның, 1414 Call-орталығы және виртуалды ассистенттердің жұмысынсенбі күндері жұмысын тоқтата тұрып, жұмыс күндері (дүйсенбі — жұма) сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, ұйымдастыру.Көкшетау қаласының ХҚКО бөлімдерінде, оның ішінде мамандандырылған ХҚКО-да азаматтарды қабылдауды қатаң түрде Egov.kz немесе 1414 Call-орталығыалдын ала броньдау арқылы жүргізу;

54)№ 67 БМСДҚталаптары сақталған,жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі күндері сағат 09.00-ден 14.00-ге дейін  шектей, онлайн форматта барынша қызмет көрсете отырып, «Қазпочта» АҚ жұмысын ұйымдастыруды;

55) мемлекеттік көрсетілетін қызмет орталықтарында мемлекеттік кіріс ғимараттарының қызметі жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) (түскі үзіліспен) сағат 09.00-ден 18.00-ге дейінжұмыс уақытын шектей отырып, ұйымдастырылсын. Карантин шараларын сақтау үшін мемлекеттік кіріс органдарына (Көкшетау қ., Степногорск қ., Целиноград және Бурабай аудандары бойынша МКБ-ы www.kgd.gov.kz сайты, E-salyq мобильді қосымшасы арқылы кезекті алдын ала броньдау) немесе қалған аумақтық аймақтардағы телефон арқылы алдын ала жазылу бойынша халыққа қызмет көрсетулерін ұсынуды;

56) қоғамдық көлікті, такси көліктерін, өнеркәсіптік аумақтарды, әуежайларды, балаларға арналған аула алаңдарын, азық-түлік және азық-түлік емес базарларды және басқа да қоғамдық орындарды санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізуді;

57) Қазақстан Республикасының және Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларына сәйкес шектеу іс-шараларының сақталуына мониторинг жүргізу және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес санитариялық-карантиндік шараларды сақтамаған тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарта отырып, әкімдіктер жанындағы мобильді топтардың объектілерге іріктеп тексеру жүргізуді;

58) халыққа COVID-19 ауруының таралуының алдын алу бойынша ақпараттандыру-түсінідіру жұмысын жүргізуді;

59) медициналық ұйымдарда, қарт адамдар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәби үйлеріне, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, интернат үлгісіндегі мүгедек балаларға арналған оқу орындарында карантин режимі және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды;

60) № 67 ҚР БМСДҚ-ға 32-қосымшаға сәйкес қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, COVID-19-дан (U07.1) және вирустық пневмониядан (U07.2)көз жұмған адамның мәйітін жерлеуді ұйымдастыру үшін әрбір ауданда (қалада) бригада құрылсын;

61) COVID-19-дан (U07.1) және вирустық пневмониядан (U07.2) көз жұмған адамдардың мәйіттерін тасымалдауға арналған автокөлікпен, көмуге қатысатын адамдарды жеке қорғаныш құралдарымен қамтуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Ақмола облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы  саласында қызметті жүзеге асыратын Ақмола облысының қалалары мен аудандарының тиісті аумағындағыБас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантин шараларын күшейту туралы шешім қабылдауға құқылы.

  1. Меншік нысанына қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғалар Қаулыны орындауға міндетті.
  2. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халыққа бұқаралық ақпарат және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етілсін.
  3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

  Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері   А.Мусина

   

                                                                                                               Ақмола облысының

                                                                                                               Бас мемлекеттік

                                                                                                           санитариялық дәрігерінің

                                                                                                          2021 жылғы  «___» ________

                                                                                                          № _________қаулыға

                                                                                                          1-қосымша

 

Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің күші

 жойылған қаулыларының

тізібегі

    «Ақмола облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын жеңілдету туралы»

Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 24 ақпандағы № 9 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Ақмола облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №10 қаулысы;

  1. «Ақмола облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын жеңілдету туралы»

Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 24 ақпандағы № 9 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Ақмола облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 03 наурыздағы  №11 қаулысы;

  1. «Ақмола облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын жеңілдету туралы»

Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 24 ақпандағы № 9 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Ақмола облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 09 наурыздағы  №12 қаулысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар