Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әлемдегі коронавирус: Қытай вакцина төлқұжатын енгізді, Швецияда дүкен сатушысыз жұмыс істейді - АРҚА АЖАРЫ

Әлемдегі коронавирус: Қытай вакцина төлқұжатын енгізді, Швецияда дүкен сатушысыз жұмыс істейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қытай әлемде бірінші болып вакцина төлқұжаттарын беру бағдарламасын іске қосты. Ал Париж бен оның айналасындағы қалалар коронавирустың жаңа штамдарының таралуына төтеп бере алмауда. Алайда билік жергілікті локдаун енгізуге асығар емес, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, пандемия кезеңінде әлемде 117,2 миллион адам ауырып, 2,6 миллион адам қайтыс болды. АҚШ-тағы карантиннің алғаш рет жеңілдетілді Ең ауыр эпидемиологиялық жағдай әлі де сақталып отырған АҚШ-та вакцинаның екі дозасын алған адамдарға үй ішінде шағын топтармен кездесуге рұқсат етілді. Қоғамдық орындарда маска кию міндетті болып қала береді. Бұл – Джо Байден әкімшілігі мақұлдаған алғашқы жеңілдік. Бұған дейін бірқатар мемлекет шектеулердің көп бөлігін алып тастаған, бірақ шешімдер жергілікті деңгейде қабылданған. Париж ауруханаларында бос орын жоқ Францияның Денсаулық сақтау департаментінің басшысы Жером Саломон Париж бен оның айналасындағы ауруханалар вирустың жаңа штамдарының таралуына байланысты мүмкіндігінше қарқынды жұмыс жасап жатқандарын мәлімдеді. Дегенмен билік өңірлік локдаун енгізбейді.

Парижде және маңындағы астаналық өңірде Франция халқының алтыдан бір бөлігі тұрады. Денсаулық сақтау министрлігі ауруханаларға ауыр халдегі ковид пациенттеріне арналған орындар босату үшін және көбірек қызметкерлерді тарту үшін жоспарлы емдеу курстары мен процедураларын 40%-ға қысқартуды бұйырды. Швецияда дүкендер тауары сатушысыз сатады Швецияның ауылдық жерлерінде азық-түлік дүкендері қайта жанданды, олардың көпшілігі пандемияға байланысты жабылуға мәжбүр болған еді. Алайда олар енді мүлдем жаңа принцип бойынша жұмыс істейді. Олардың сатушылары жоқ және жалпы қызмет көрсететін мамандары жоқ, ал кейбір сауда нүктелері құрылыс вагонындай ғана. Тиісінше, ассортимент тек қажетті тауарлардан тұрады. Дүкенге тәулігіне 24 сағат бойы, кез келген уақытта дүкен иесінің арнайы қосымшасы арқылы кіруге болады. Әрі қарай, сатып алушы алған заттарының кодын сканерлейді, ал ақша несие картасынан алынады, оны алдымен тіркеу керек.

Қытай вакцина төлқұжаттарын енгізді Қытай вакцина төлқұжаты деп аталатын бағдарламаны іске қосқан әлемдегі алғашқы ел болды. Бұл – вакцина алған Қытайдың әрбір тұрғыны арнайы цифрлық платформадан жүктеп, шетелге шығуға ұсынатын құжат. Мұндай төлқұжатты енгізу туралы әңгіме әлемнің көптеген елдерінде бұрыннан бері айтылып келеді. Бастаманы жақтаушылар бұл халықаралық шекараларды тезірек ашуға және әлемдік экономиканы қалпына келтіруге көмектесетініне сенімді.

 https://www.inform.kz/kz/alemdegi-koronavirus-kytay-vakcina-tolkuzhatyn-engizdi-shveciyada-duken-satushysyz-zhumys-isteydi_a3762268

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар