Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әнмен өрнектелген өмір - АРҚА АЖАРЫ

Әнмен өрнектелген өмір

Биылғы көктемде жасы жетпіске толатын Балзия Хамзақызы еңселі шаңырақтың анасы мен әжесі атанып, 7 баласынан көрген немере-жиендерімен бақытты өмір сүруде.

Ана үшін аянба – ант ұрады,
Бала үшін аянба – бетің күйеді.
Ел үшін аянба – ерлігіңе сын,
Жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын.
Бауыржан Момышұлы.

Негізі, бұл кісінің туып-өскен жері Қостанай облысының Жангелді ауданы. Аталмыш қаланың сауда техникумын бітіргеннен кейін біраз жылдар бойы ол өз мамандығы бойынша жұмыс істепті. 1976 жылы Ғалымжан Едресов есімді азаматпен тұрмыс құрып, ауыл шаруашылығы саласында ұзақ жылдар еңбек етеді. Себебі, жас агроном өзінің таңдаған мамандығы бойынша жұмыс істесе, жұбайы Балзия Хамзақызы туындаған тұрмыс жағдайына және өзінің бойындағы табиғи дарынына сәйкес жергілікті мәдени ошақтарда біраз қызмет атқарған. Көңілі жайдары әнқұмар жанның өмірде жолы болды. Ол жасынан ақындыққа бой алдырып қазақтың атақты ақыны Фариза Оңғарсынованың елге келуіне байланысты, дүние есігін ашқан кенже қызына сол ұлы тұлғаның есімін берді.
Шынымен Фариза Едресова өмірде өнер жолын таңдады. Қазіргі кезде Целиноград ауданының Мәдениет бөлімінің белді әншісі. Талай өнер додаларында жүлде иеленіп, көрерменнің зор қуанышына бөленуде. Бүгіндері республикамыздың «Алтын алқа» белгісін таққан Балзия Хамзақызы астаналық ауданның Қаражар ауылында тұрып жатыр.
Ерлі-зайыпты Едресовтер кенже ұлдары Жанболатпен өмір сүруде. Осы шаңырақты жақында қуанышқа бөлеген немерелеріне олар Арқаның атақты айтыскер ақыны әрі композиторы Біржан салдың есімін берді. Шаңырақ иесі Ғалымжан Едресов мінезі біртоға шаруа қуған кісі болса, оның жұбайы Балзия Хамзақызы өнерге мейлінше жақын жан. Қолы бос уақытында өлең жазып, туған-туысқандарына, ұл-қыздарына әзіл-қалжыңы аралас өлеңдер арнайды. Соның бір айғағы, 2018 жылы жарыққа шыққан «Өткен күнде белгі бар» атты өлеңдер жинағы.
– Кезінде жазған біраз дүниелерім жоғалып та кетті, – деп еске алады жастық шағын Балзия Едресова. – Осы жинақтың шығуына себепші болған кенже қызым, өнер жолына түскен Фариза ғой.
Асыл ананың балаларының бәрі жоғары білім алған, қазіргі таңда Арқалық пен Қостанайда, өзіміздің Ақмола өңірінде тұрады. Батыр ана балаларына деген ризашылығын өзінің сөзінде де, оқыған өлеңдерінде де аңғартып отырды. Өмірі өлеңмен өрнектелген жанның көңіліне, тартымды әңгімелеріне де біз үлкен ризашылық құрметпен қарадық. Әрбір жанұядан түлеп ұшатын балалардың бақытты болуы – ата-анаға тікелей байланысты болатыны анық қағида. Біз осы жайтты Балзия Хамзақызы Едресованың бойындағы қасиеттерден анық көргендей болдық. Көктем мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні Сізді қуанышқа бөлеп, шаңырағыңызға бақыт сыйласын дегіміз келеді.
Жанат ТҮГЕЛБАЕВ.
Суретте: анасы мен қызы – Балзия, Фариза Едресовалар.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар