Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қытайда туристерге арналған халықаралық «денсаулық төлқұжаты» ресми енгізілді - АРҚА АЖАРЫ

Қытайда туристерге арналған халықаралық «денсаулық төлқұжаты» ресми енгізілді

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайдағы WeChat мессенджерінде «Туризмге арналған халықаралық денсаулық сертификатының» қытайлық нұсқасы бар мини-бағдарлама ресми түрде іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Халықаралық денсаулық сертификатының қытайлық нұсқасы – бұл егжей-тегжейлі мәліметі бар құжат. Онда нуклеин қышқылы мен IgG антиденелеріне тапсырылған тест қорытындылары және COVID-19 вирусына қарсы вакциналау статусы көрсетіледі. Сертификаттың растылығын тексеру және турист жайында мәліметтермен танысу үшін шетелдік мемлекеттердің кез келген ведомствосы QR-кодты сканерлейтін болады. Денсаулық сертификатын электрондық нұсқада смартфонмен көрсетуге болады. Сондай-ақ оны қағазға басып шығарып, бірге алып жүруге рұқсат. «Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталып, пандемиядан кейінгі уақытта халықаралық қызметкерлер алмасуда денсаулық факторының маңыздылығы ерекше байқалатын болады. Алдағы таяу болашақта әлем елдерінде денсаулық сертификаттарын өзара тану үрдісінің артуына қарай, «Туризм үшін халықаралық денсаулық сертификатының» қытайлық нұсқасы түрлі елдер адамдарының салауатты әрі қауіпсіз араласуына септігін тигізетін болады», — делінген ҚХР СІМ Консулдық қызмет департаментінің WeChat-тағы мәлімдемесінде.

 https://www.inform.kz/kz/kytayda-turisterge-arnalgan-halykaralyk-densaulyk-tolkuzhaty-resmi-engizildi_a3762099

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар