Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өзбекстан азаматтары вакцина алмас бұрын медициналық тексерістен өтеді - АРҚА АЖАРЫ

Өзбекстан азаматтары вакцина алмас бұрын медициналық тексерістен өтеді

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстан азаматтары коронавирусқа қарсы вакцинациядан бұрын медициналық тексерістен өтеді, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл туралы Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және денсаулық сақтау қызметі басшысының орынбасары Нұрмат Отабековтің айтуынша, коронавирусқа қарсы вакцинаны алу медициналық тексеру нәтижелері бойынша қабылданады. Отабеков сондай-ақ вакцина алғысы келетіндердің барлығы медициналық тексерістен өтетінін, бұл шара қандай да бір асқынуларды болдырмауға сеп болатынын атап өтті. Екпе алғаннан кейін жарты сағат бойы науқас медициналық бақылауда болады. Дәрігерлер пациенттің жағдайын үш күн бойы бақылайды. Кейін дәрігерлер оларды үйге келіп тексереді. Сондай-ақ республиканың Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцина алмағандары дұрыс болатын адамдардың тізімін айтты. Мысалы, COVID-19 вакцинациясын АИТВ инфекциясы бар адамдарға, аутоиммундық аурулармен ауыратындарға, ауыр аллергиялық реакциялары бар адамдарға, жүкті және бала емізетін әйелдерге, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға жасау ұсынылмайды. Естеріңізге сала кетейік, Өзбекстанда вакциналаудың басталуы наурыздың бірінші жартысына белгіленген. Оны өткізуге Ташкенттегі және елдің барлық аймақтарындағы емдеу-профилактика мекемелерінде 3138 кабинет бөлінген. Сонымен қатар халықты коронавирусқа қарсы вакцинациялауға 820 мобильді бригада тартылады.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/ozbekstan-azamattary-vakcina-almas-buryn-medicinalyk-tekseristen-otedi_a3762023

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар