Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Коронавирус: Гаагада митинг өтіп жатыр, Ирландия «AstraZeneca»-мен егуді тоқтатты - АРҚА АЖАРЫ

Коронавирус: Гаагада митинг өтіп жатыр, Ирландия «AstraZeneca»-мен егуді тоқтатты

ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Нидерландыда локдаунға қарсы демонстранттарға полиция су шашып, резеңке таяқ қолданды. Ирландия AstraZeneca вакциналарын қолдануды уақытша тоқтатқан Еуропаның бірнеше елінің қатарына қосылды. Бұл – вакцина алғандарда тромбоз пайда болып жатқандығы туралы хабарламаларға байланысты. Дегенмен, вакцинация мен қан ұю арасындағы байланыс әлі де дәлелденбеген. Ал Париждегі жансақтау бөлімшелерінде жатқан науқастар басқа қалаларға ауыстырылып жатыр. Әлемдегі осы және өзге де жаңалықтар жөнінде ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Нидерланды полициясы Гаагадағы демонстрацияны тарату үшін адамдарға қарсы су шашып, таяқ пайдаланды. Митингіге қатысушылар карантин шараларын жоюды талап етуде. . Жексенбіде Гаага орталығындағы алаңға наразылық білдіруші екі мыңға жуық адам жиналды. Әлеуметтік қашықтықты сақтамаған тұрғындар митинг аяқталғаннан кейін де үйлеріне тараудан бас тартқан. Дауыс зорайтқыш арқылы жасалған ескертулерді елемеген. Бұдан соң полиция күш қолдана бастады. Бірнеше адам ұсталды. Нидерландыда карантинге қарсылық білдірушілердің агрессивті наразылықтары екінші ай жалғасуда. Олар шектеулер мүлдем қажет емес немесе қоғамның ең осал топтарына ғана қатысты болуы керек деп санайды. Қаңтар айының соңынан бастап Нидерландыда қатаң локдаун күшіне енді. Мейрамханалар мен барлар жабық, Екінші дүниежүзілік соғыс уақытынан бері елде алғаш рет коменданттық сағат енгізілген. Ирландияның Ұлттық иммундау комитеті тромбтардың пайда болуына байланысты Норвегиядан келіп түскен жаңа хабарламалардан кейін Оксфорд университеті мен AstraZeneca компаниясы өндірген вакцинаны қолдануды уақытша тоқтатуға кеңес берді. Бұған дейін AstraZeneca вакцинасын Болгария, Дания, Исландия, Норвегия және Таиланд тоқтатты. Себебі Еуропаның 30-ға жуық тұрғыны Оксфорд вакцинасын алғаннан кейін тромбтар проблемасына шағымданған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жұма күні AstraZeneca вакцинасы мен қан ұйығыштық арасында ешқандай дәлел жоқ екенін мәлімдеп, елдердің билігін пандемиямен күресте вакцинаны қолдануды тоқтатпауға шақырды. Франция билігі ел астанасының медициналық мекемелерінің жүктемелерін жеңілдету үшін кейбір науқастарды Парижден және оның маңынан елдің басқа қалаларына тасымалдау шешімін қабылдады. Коронавирус жұқтырудың жаңа жағдайларының көбеюіне қарамастан, Франция президенті Эммануэль Макрон әлі де ұлттық карантин енгізер емес. Коронавирус бойынша статистикасы жоғары жекелеген қалаларда қатаң шаралар күшінде, олар тек Парижде қолданылмайды. Қазіргі уақытта Францияда Covid-19-бен ауыратын 4,1 мың адам интенсивті терапия бөлімінде жатыр. Оның 1,1 мыңы – Парижде және оның айналасындағы елді мекендерде.

https://www.inform.kz/kz/koronavirus-gaagada-miting-otip-zhatyr-irlandiya-astrazeneca-men-egudi-toktatty_a3764302

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар