Баскетболдан Ақмола облысының қыздар командасы Қазақстан чемпионы атанды.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, Щучинск қаласында 2003-2004 жылдары туған қыздар арасында баскетболдан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Чемпионат барысында Ақмола облысының баскетболшы қыздары жақсы ойын өрнегін көрсетіп, ел чемпион атанды. Ал, одан кейінгі екінші орынға Ақтөбе қаласының баскетболшылары орналасты.
Сонымен қатар, Ақмола облысы құрама командасының мүшесі Надежда Яковлева чемпионаттың үздік ойыншысы деп танылды. Ақмолалық баскетбол қыздар командасы бапкерлері Татьяна және Виктория Волковалардың жетекшілігімен жаттығады. Олар 2019, 2020 жылдары чемпион болса, биыл үшінші рет жеңімпаз атанып отыр.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.