Алматы облысының Қаскелең қаласында жасөспірімдер, әйелдер мен ерлер арасында киокушинкай каратэден Қазақстан Республикасы кубогінің жеңімпаздары анықталды.
Ақмола құрама командасы екі алтын, төрт күміс және үш қола медаль еншіледі.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большинаның мәліметінше, жарысқа 400-ден астам спортшы қатысқан. Ақмола облысынан Ақкөл, Шортанды аудандары және Көкшетау қаласынан 20 каратэші қатысып, бақ сынады.
Оның ішінде Нарқыз Ұзақбаева мен Әлемгүл Сабырхан чемпион атанса, Сергей Духов, Аружан Шәкей, Диана Жасұлан және Дәулет Жексенов күміс, Асхат Галеев, Еркежан Киамедин және Диана Тұлтаева қола жүлде иеленді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.