Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі... - АРҚА АЖАРЫ

Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі…

Наурыз мейрамы қарсаңында өңіріміздің сегіз қырлы, бір сырлы сайыпқыран жігіттері сынға түскен облыстық «Жігіт сұлтаны» байқауы мәресіне жетіп, Көкшетау қаласының іргесіндегі Краснояр селосының атынан қатысқан Манарбек Аманкелді бас жүлдені жеңіп алды. Байқау ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Наурыз шуағы» мейрамын тойлауға арналған тұжырымдамасы аясында өтті.

Ақмола облыстық мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының қолдауымен облыстық халық шығармашылығы және мәдини демалыс орталығы ұйымдастырған Іс-шара жастардың бойында қазақы тәрбиені қалыптастырып, ұлттық рухты сіңіру, жеке тұлға ретінде дамуына, шығармашылық және жоғары зияткерлік әлеуетін арттыруларына ықпал ету, олардың ұлтжандылық сезімін ұштап, Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында өткізілді.
–Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай облыс аумағында 500-ден астам ірілі-кішілі іс-шаралар жоспарланған. Солардың бірі – адам баласының жан дүниесін жадыратып, бейбіт өмірдің берекесін кіргізетін, көктемнің тамаша мерекесі – Наурыз мейрамы қарсаңында өтіп жатқан «Жігіт сұлтаны» байқауы. Еліміздің әр азаматы өршіл, рухты, жүрегі қазақ деп соғатын намысты болсын, – дей келе, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова қатысушыларға сәттілік тіледі.
«Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі» демекші, байқауға облыс аумағындағы қалалар мен аудандардан сайланып, үміттерін үкілеп келген, бойларында өршіл рух пен жігер бар 20 мен 29 жас аралығындағы 12 азамат қатысты. Олар «Өзін-өзі таныстыру», «Сұрақ-жауап», «Сегіз қырлы, бір сырлы», «Білекті жігіт», «Ұлттық ат ойындары» секілді бес кезең бойынша бақ сынасты.
Өзін-өзі таныстыру кезеңінде жігіттердің бірі киелі сахнада қолдарына күмбірлеген қазақтың қара домбырасын ұстап, әнмен таныстырса, енді бірі өмірі мен өнерін өлең жолдары арқылы өрнектеді, тағы біреулері алдын ала түсіріліп әкелген бейнероликтерін көрсетті. Байқау талаптары бойынша таныстырудың шынайы және бейнеролик секілді екі түрі де қабылданып, бірдей бағалануы қажеттігі ескертілді. «Сұрақ-жауап» кезеңінде жігіттерге ұлттық салт-дәстүр бойынша жан-жақты сұрақтар қойылып, олардың білімі мен біліктілігі, ақыл-парасаты сыналды. Қазақта «білім – ердің қанаты» дейді. Сайысқа келген жігіттердің қазақтың мақал-мәтелдерін, салт-дәстүрлерін оқып, зерттеп, бойларына сіңіріп, дайындалып келгендері көрерменді ақылдылықтарымен сүйсінтсе, арасында бірен-саранының одан сүрініп, «қап!» дегізген сәттері де орын алды. Үшінші кезеңде жігіттер өнерлерін ортаға салды. Қазақтың жігіттері аттың жүйрігіне мініп, иттің алғырын ертіп, мың құбылтып ән салып, күмбірлете күй төккен, білек сыбанып күрескен саятшы, сері, палуан, ел билеген би-шешен болған ғой. Өңіріміздің әр жерінен келген серілердің өнері сынға түскен бұл кезеңде әрқайсысының да талантты, өзіндік талғамы мен талабы бар ер азаматтар екендігіне көз жеткізе түстік. Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырайлардың сауық құрып кеткен киелі мекенінде олардың сарқыншақтары бар екендігіне қуанып та отырдық. Бұл ретте, Ақан серінің «Балқадишасын» нақышына келтіріп орындаған зеренділік Ақылдас Семетейдің, күмбірлеген күйлерден попури ойнаған жарқайыңдық Бекзат Сейдеғазиннің, сандықтаулық Саят Жүзжасаровтың, поэзия мен монолог оқып, актерлік шеберліктерін ортаға салған степногорлық Берікбай Шұғай мен красноярлық Манарбек Аманкелдінің өнерлерін ерекше атап өтуге тұрарлық. Ал, байқаудың төртінші, бесінші кезеңдері Көкшетау қаласының іргесінде орналасқан Краснояр селосының маңындағы ипподромда өтіп, онда жігіттер қол күресіп, кір тасын көтеріп, қазақтың ұлттық ат ойындары жамбы ату мен аударыспақтан күштерін сынады.
Жігіттердің жан-жақты қырын, күш-жігерін, өнерлерін бағалаған қазылар алқасының шешімімен бес кезең бойынша жүзден жүйрік шыққан Манарбек Аманкелді «Жігіт сұлтаны» байқауының бас жүлдесін жеңіп алды. Ал, байқауда өнерімен бірге қайраты мен қайсарлығын көрсеткен Сандықтау ауданының азаматы Саят Жүзжасаров «Білекті жігіт» аталымына лайықты деп танылды. Зеренділік Ақылдас Семетей өрелі өнер көрсетіп, «Өнерлі жігіт» аталымына ие болды. «Алғыр жігіт» аталымын егіндікөлдік Наурызбай Әбдібаев иеленсе, білімділігімен елді аузына қаратқан қорғалжындық Төрежан Бейсембеков «Білікті жігіт» аталымына ие болды. Қалған қатысушылар ұйымдастыру алқасының дипломдарымен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Байқау соңында қазылар алқасының мүшелері сөз сөйлеп, іс-шараның ұйымдастырушылары мен қатысушыларға алғыстарын білдірді. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары, яғни, отыз жылдай уақыт бұрын халықаралық «Жігіт сұлтаны» байқауына қатысып, жүлделі орынды иеленген облыстық әдебиет және өнер музейінің директоры Нұрбек Нұралин өз кезегінде жігіттерге ағалық жылы лебізін білдірді. Байқау барысында «Көкшетау» мәдениет сарайы мен «Көкше» мәдениет үйінің шығармашылық ұжымдары өнер көрсетіп, кештің сәнін келтіре түсті.
Ырысалды ШАМШИЕВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар