Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Наурыз мейрамын қалай тойлаған жөн?.. - АРҚА АЖАРЫ

Наурыз мейрамын қалай тойлаған жөн?..

Құралай Ыдырысова,
Ақан сері атындағы Көкшетау жоғары мәдениет колледжінің директоры:

– Ең алғаш 1992 жылы облыста тұңғыш рет Красноармейск ауданында Наурыз тойын өткізген болатынбыз. Оның өзінде, атауын еміс-еміс білгенімізбен, мазмұнын, мәнін жете білетін адам жоқтың қасы-тын. Ауыл-ауылды аралап көнекөз ақсақалдардан сұрастырдық. Барымызды жиып, жоғымызды түгендеп, халқымыздың қазынасының ұшан-теңіз екенін көрсетуге тырыстық. Содан бері осы мерекені бір сарында өткізіп келе жатқан тәрізді болып көрінеді көзіме. Беташар өткіземіз, балаға азан шақырып ат қоямыз, тұсауын кесеміз, жасандылығы менмұндалап тұрады. Ер жетпеген балаға бой жетпеген қызды қосып неке суын ішкізу қалай болар екен. Әлдеқашан аяғын басып шауып жүрген балпанақтай баланы ұстап алып тұсауын кесеміз. Сонда ол баланың мінез-құлқы бірінші кескен адамға тарта ма, жоқ әлде екінші кескен адамға тарта ма? Таяуда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз тойына байланысты өз көзқарасын білдірді. Өте дұрыс айтып отыр. Шынында да халықтық мерекені жаңғыртатын, мазмұнын үстейтін уақыт жетті деп білемін.

Мұрат қажы Ыдырысов,
қоғам қайраткері және еңбек ардагері:

– Ел үкіметтің шығарған шарасына байланысты Наурыз мейрамы қарсаңында алдымен он күндік тіл мерекесі өткізілуі керек. Тіл туралы айтамыз, қағаз жүзінде бар, тәжірибеде өте нашар. Балалардың көпшілігі ана тілінде емес өзге тілде сөйлеуге дағдыланған. Әрине, үйінде ата-аналары өз тілінде сөйлемеген бала қалай болуы керек. Бұған дейін де тіл мерекесі өтіп келеді. Бірақ, оның өзі аздық етуде. Орыс тілді ата-ананың санасына сіңбей жатқаны өкінішті-ақ.
Жұмбақ, жаңылтпаш, түрлі ойындарды жаңғыртып өткізсе, жақсы болар еді. Одан кейін ата-аналар арасында конкурс өткізілсе, онда бесік жыры айтылса, ол балалардың құлағында қалатындай болса, құба-құп. Мен ойлаймын бесік жырын естімеген баланың ұлтына жаны ашуы қиын.
Жыр, қиссалар, әсіресе, батырлар жырын жаңғырту керек. Сол арқылы ұлт намысын оятып, патриоттық рухты көтеруге бір септігі тиері сөзсіз. Махамбетті, Бауыржанды, Мәлік Ғабдуллинді бірге насихаттаса деймін. Одан кейін наурыз айында осы мереке аясында кітап оқу дәстүрін енгізу керек. Мейрамды жаңғыртқанда тек қана трафаретпен жүруге болмайды, петроглифтерді негізгі дәстүрлерді шығару керек.
Наурыз бес мың жыл болған ежелгі түркі елінің мейрамы. Оған діннің еш қатысы жоқ. Бұл қазақ халқының ұлттық мейрамы. Оны тек осы он күннің ішінде емес, халықтың ойында, жадында жатталып қалатындай болу керек. Мысалы, көрісу дегенге кейбірі үрке қарап, дүрдараздық туғызып жатады. Бұл да дұрыс емес. Қайта елді бірлікке, татулыққа бастайтын, бұрынғы өкпе-назды ұмытып, халықты бауырмалдық, ізгілік пен мейірімділікке бастайтын мереке. Өйткені, Көрісу жылдың негізгі бастауы. Бұл бір жағынан Наурызды тек 21-22-сінде атап өтетін біздің жақтың адамдарын осы мейрамға ерте бастан елеңдете түсер еді. Баршаңызға Наурыз мейрамы құтты болсын!
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар