Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тауар айналымының көлемі артып келеді - АРҚА АЖАРЫ

Тауар айналымының көлемі артып келеді

Тәуелсіздік жылдарында ашылған шағын және орта бизнес кәсіпорындары Ақмола облысының экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосты.

Тәуелсіздіктің 30 жылында Ақмола облысында бөлшек тауар айналымының көлемі 2,7 есеге ұлғайды. Соңғы 2 айдың өзінде ішкі тауар айналымы 89 миллиард теңгеге жетті. Мұндай көрсеткіш жанар-жағар май, құрылыс материалдары, тұрмыстық техниканы сатуды жүзеге асырудың нәтижесі. Сондай-ақ, газ құю станцияларының қызметі де айтарлықтай ұлғайды. 2019 жылдың қорытындысына сүйенсек, облыс орталығындағы нарықтық тауар айналымының дамуына негізгі үлес қосып отырған азық-түлік емес тауарларды сататын кәсіпорындар. Көкшетауда азық-түлік өндіру саласымен байланысты кәсіпорындар да жұмыс істейді. Олардың кейбірі республикаға белгілі брендтер.
– Облыс орталығындағы «Small» көтерме маркеттер желісімен ұсынылған «Стифтрэйд» серіктестігінің филиалы үлкен үлес қосып отыр. Бұл «КокшеТрэйд» серіктестігі компаниясының супермаркеттер желісі – «Союз» дүкендері мен «Кристалл» сауда үйі. Өңірде қазір «AQMOL» дүкендерінің қағидаты бо-йынша бірнеше кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл Көкшетау қаласында екі әлеуметтік дүкені бар «Көкшемаркет» серіктестігі. Онда тауар өндірушілер өз өнімдерін тікелей сатылымға қояды,–дейді облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Жасұлан Айдрахманов. Өкінішке орай, карантиндік шектеулер сауда-саттық саласына күтпеген өзгерістер әкелді. Сондықтан, кәсіпорындар жаңа әдістер мен заманауи технологияларды белсенді қолданып, тығырықтан шығудың жолын іздеуде.
– Халықтың сұранысы еш өзгерген жоқ. Әдеттегідей, өздеріне керекті тауарды сатып алады. Осыны ескере отырып, біз алдағы бір-екі айда тауар айналымы бо-
йынша жағдай түзеледі деп ойлаймыз. Біздің жергілікті сатушыларымыз өткен жылдың наурыз-сәуір айларынан бастап өздерінің электронды саудаларын жандандырды. Бұл тауарларды жеткізуге де, дайын тағамды тамақтану жүйесі арқылы тасымалдауға да әсер етті,–дейді басқарма басшысының орынбасары. Тәуелсіздік жылдары сауда саласында бірқатар маңызды заңнамалар қабылданды. Бүгінде кәсіп ашамын деген азаматқа еліміздің кез-келген нүктесінде мүмкіндік бар.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар