Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекеттік қызметшілер декларация тапсырады - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекеттік қызметшілер декларация тапсырады

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Мемлекеттік қызметшілерді жалпыға бірдей декларациялау және қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін басшылардың жауапкершілігін арттыру туралы» брифинг болып өтті.

Онда алдымен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Дархан Хайруллин мәлімдеме жасап, қарамағындағы қызметкерлердің жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша өз өкілеттіктерін тиісінше орындамағаны үшін басшылардың жауапкершілігін күшейту үшін қолданыстағы заңнамаға енгізілген түзетулер туралы хабардар етті.
Бүгінде Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформалардың басымдылық бағыттары мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру болып табылады. Осыған байланысты Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясында еліміздің даму басымдықтарының бірі ретінде кәсіби үкімет пен мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызметтің тиімді жүйесін құруды тапсырды.
Елбасымыз «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың ең басты мақсаты» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсеткенiндей, «Үкімет әкімшілік реформада көзделген Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесін үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып, нәтижелік, ашықтық және қоғам алдындағы есептілік негізінде дамыту жөніндегі шараларды жедел қарқынмен іске асыруы тиіс» болатын. Сондай-ақ, департамент азаматтардың өтініштерін сапалы қарауға ерекше көңіл бөлетінін де айтып өтті. Өткен жылы және ағымдағы жылдың өткен кезеңінде 185 өтініш келіп түскен. Ол өтініштердің дені көп жағдайда Әдеп кодексін бұзу, конкурстардың нәтижелерімен және қолданылған тәртіптік жазалармен келіспеу, заңнаманың өзге де талаптары бо-йынша шағымдар түрінде жазылған. Өтініш берушілердің дәлелдері 64 пайыз жағдайда расталғаны да белгілі болды.
Хабарламашының айтуынша, азаматтардың өтініштерін қарау бо-йынша маңызды жаңалық, Қазақстан Республикасының жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін қабылдау болып табылады. Осыған сәйкес «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске асырылатын болады. Бұл жүйе азаматтардың өтініштерін қарау барысын қадағалауға және бақылауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, өтініш беруші мемлекеттік органдардың қабылданған шешімдер бойынша жауапкершілігін арттыра отырып, атқарылған жұмысты бағалай алады. Хабарламашының сөзіне жүгінсек, бұдан әрі де департамент әдеп құқық бұзушылықтардың алдын алу, мемлекеттік органдарды Мемлекет басшысы алдымызға қойған талаптарға сәйкес келетін қабілетті, тәртіпті кадрлармен нығайту бойынша жұмысты жалғастыратын болады.
Брифинг барысында мемлекеттік қызметшілерді жалпыға бірдей декларация-лау туралы Ақмола облысы мемлекеттік кірістер департаментінің өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Назгүл Аюпова хабарлама жасады. Оның
айтуынша, мемлекеттік қызметшілер активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсырады. Декларация тұрғылықты жері бойынша қағаз форматында 15 шілдеден, ал, электрондық түрде 15 қыркүйектен кешіктірілмей ұсынылады. Бұл құжат жеке тұлғалардың мүлік, жер учаскелері, көлік құралдары, ақша қаражаттары, бағалы қағаздар, қарыздар туралы ақпаратты және тағы басқаларды көрсетуге арналған. 2021 жылы бірінші ұсынылған активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда декларацияның түрі көрсетілген жолда бастапқы деген нұсқане көрсету қажет. Жалпы, департамент күнделікті ақпараттық жүйелер арқылы сот шешімдерін, яғни, үкімдерін және қылмыстық істерді ақтамайтын негізде тоқтату туралы бұйрықтарды қадағалайды.
Жалпыға бірдей декларациялаудың ережелеріне қатысты толық түсініктемені
72-34-82 байланыс орталығы арқылы, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтынан (kgd.gov.kz) алуға болады.
Брифинг соңында спикерлер БАҚ өкілдерінің қойған сұрақтарына жауап берді.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар