Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сапасыз мемлекеттік аудит негізсіз қылмыстық қудалауға алып келеді - АРҚА АЖАРЫ

Сапасыз мемлекеттік аудит негізсіз қылмыстық қудалауға алып келеді

Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшылығы онлайн режимінде ішкі мемлекеттік аудит аумақтық департаментінің өкілдерімен сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын қарау бойынша кездесу өткізді. Оған қатысушылар бүгінгі таңда өзекті мәселеге айнала түскен осы бір қоғамдық кеселдің жай- жапсарына бойлап, неғұрлым оның жолын кесу туралы ойларын ортаға салды.

Қатысушыларға Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуалдық Кодексінің 200-бабы негізінде енгізілген ұсыну шеңберінде мемлекеттік аудит органдары қызметкерінің тексеруді тиісінше ұйымдастырмау және жүргізу фактісі бойынша ақпарат жеткізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшылығы атап өткеніндей, бұрын анықталған залалдың сомасын тергеу барысында растамағаны үшін мемлекеттік аудиторлық тексеру актілері негізінде тіркелген қылмыстық істердің бір бөлігі ақтайтын негіздер бойынша тоқтатылады.
–Қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту мәселесі құқық қорғау органдарының ерекше бақылауында. Азаматтарды негізсіз қылмыстық қудалауға болмайды, өйткені, бұл адамдардың конституциялық құқықтары мен мүдделерін бұзады. Сондықтан, мемлекеттік аудиторлар тексерулерді жүзеге асыру кезінде жоғары кәсібилік, объективтілік және сатылмаушылық танытуы қажет, – деп атап өтті кездесу барысында облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының басшысы Мұрат Төлеубаев.
Сондай-ақ, ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамадағы маңызды өзгерістерді түсіндірді. Алдағы уақытта осындай құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшылығына бағыныштылардың қызметіне тиісті бақылауды қамтамасыз ету, сондай-ақ, ұжымға аудиторлық қорытындыларды сапасыз жасағаны үшін тиісті жауапкершілікке тарту туралы түсіндіру ұсынылды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар