Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Төртінші тоқсанда барлық оқушы аралас форматта оқуға көшеді – вице-министр - АРҚА АЖАРЫ

Төртінші тоқсанда барлық оқушы аралас форматта оқуға көшеді – вице-министр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 300-ге дейінгі оқушы саны бар мектептер ІV тоқсанда жұмысын әрі қарай дәстүрлі форматта жалғастырады. Бұл туралы Орталық коммуникциялар қызметінде өткен IV тоқсандағы оқу форматы туралы брифингіде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ІІІ тоқсанда қазақстандық мектептерде 2 300 000 (66%) оқушы оқуды дәстүрлі немесе аралас форматта аяқтады. 1 100 000 (34%) оқушы қашықтан оқыды. ІV тоқсанды бастауға қатысты мәселе Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралып, кеше – 25 наурызда еліміздің бас санитар дәрігерінің қаулысы қабылданды. ІV тоқсанда оқыту форматы өңір тәуекелі төмен немесе орташа аймақтарда болған жағдайда барлық оқушы мектепте аралас форматта оқуға көшеді», — дейді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова. Оның айтуынша, 300-ге дейінгі оқушы бар мектептер жұмысын әрі қарай дәстүрлі форматта жалғастырады. «ІV тоқсан форматына ауысқан кезде 1 оқушы – 1 кабинет принципі сақталып, оқушылардың саны әр сыныпта 25-тен аспауы керек. Бұл мәселе қаулыда қарастырылған. Әр пән әдеттегідей 40 минуттан болады. Оқушылардың білім сапасындағы олқылықтарды толтыру бойынша жұмыс та жалғасады. Науқастанып қалған немесе науқастармен байланыста болған кейбір ерекше жағдайда ата-ананың өтініші негізінде бала қашықтан оқу форматында қала алады», — дейді ол.

https://www.inform.kz/kz/tortinshi-toksanda-barlyk-okushy-aralas-formatta-okuga-koshedi-vice-ministr_a3768536

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар