Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әйгерім республикалық байқауға барады - АРҚА АЖАРЫ

Әйгерім республикалық байқауға барады

Көкшетау медициналық жоғары колледжінде «Медициналық және әлеуметтік күтім көрсету» құзыреті бойынша алғаш рет өңірлік WorldSkills Aqmola 2021 чемпионаты өткізілді.

Медициналық және әлеуметтік күтім көрсету дегеніміз – адамның денсаулығына, физикалық және психо-әлеуметтік жағдайына, науқастар мен қызмет алушылардың және олардың отбасыларының әртүрлі жағдайда өсуі мен дамуына, оңалуына байланысты қызмет түрлері мен біліктіліктер. Осы сала мамандары қарттар үйі мен ауруханаларда, бір күндік стационарлар мен әлеуметтік қамқорлыққа алатын үйлерде қызмет атқарады.
Өңірлік чемпионатқа медициналық колледждің 5 білім алушысы мен облыстың медициналық ұйымдарында қызмет етіп жүрген жас мамандар қатысты. Олардың жұмыстарын тәжірибелік денсаулық сақтау саласының әлеуметтік серіктестері мен клиникалық пәндерді оқытушылар бағалап, сараптады. Қатысушылар байқауда медициналық ұйымдарда, үй жағдайында көрсетілетін қызмет түрлері мен медициналық ұйымда күндізгі стационар негізінде науқастарға консультация жүргізу секілді үш модуль бойынша бақтарын сынады. Сарапшылардың мәлімдеуінше, қатысушылар аталған үш модульден де сүрінбей өтіп, өздерінің тәжірибеге жақсы дағдыланғандарын, науқастармен тиісті қарым-қатынас жасай алатындықтарын көрсете алыпты.
Сонымен, өңірлік сайыс қорытындысы бойынша Көкшетау жоғары медициналық колледжінің студенті Әйгерім Сапар бірінші дәрежелі дипломға ие болып, жеңімпаз атанды. Екінші дәрежелі дип-
лом Көкшетау қалалық емханасының дәрігерге дейінгі қарау кабинетінің фельдшері Дарья Киселеваға бұйырды. Сондай-ақ, аталмыш колледж студенті Гүлдана Балтабекова мен «Бурабай Авиценна» ЖШС-нің мейірбикелері Алтын Ғаббасова мен Анастасия Маланина ынталандыру сертификаттарымен марапатталды.
Енді өңірлік дода жеңімпазы WorldSkills Kazakstan 2021 ұлттық чемпионатында облыстың намысын қорғайтын болады. Олай болса, жерлесімізге сәттілік тілейміз!
Ырысалды ШАМШИЕВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар