Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өңірдің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы тұрақты емес - АРҚА АЖАРЫ

Өңірдің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы тұрақты емес

Коронавирустық инфекция бойынша өңіріміздегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Ақмола облысы «жасыл аймақта» тұр. Алайда, эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақмола облысының бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина мәлімдеме жасады.

 Сонымен, облыстың эпидемиологиялық ахуалын бағалау матрицасына сәйкес Көкшетау қаласы мен Шортанды, Астрахан, Біржан сал ауданы  «қызыл» аймақта. Ал, Степногорск, Ақкөл, Аршалы, Бурабай, Есіл, Қорғалжын және Зеренді аудандары «сары» аймақта болса, қалған аудандар «жасыл» аймақта. Сонымен қатар, аурушаңдықтың арту тенденциясы Аршалы, Целиноград, Шортанды және Ақкөл сияқты астанаға іргелес аудандарда байқалады. Бұл Нұр-Сұлтан қаласына күнделікті халықтың қатынап барып-келуімен байланысты. Өйткені,  қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймақта.

31 наурыздағы жағдай бойынша облыста COVID-19 зертханасымен расталған 15370 жағдай тіркелген. Тарқатып айтар болсақ, ересектер арасында 13734, 14 жасқа дейінгі балалар арасында 1636 жағдай тіркелсе,  104 адам осы індеттен көз жұмған. Мәселен, 15370 жағдайдың 7535 жағдайы емханаға өзінің хабарласуымен расталса, 5734 жағдай контактіде болғандар, 2101-і профилактикалық скрининг кезінде анықталған. Бір тәулік ішінде COVID-19 індетінен 48 жағдай зертханалық зерттеумен расталса, оның ішінде 36 жағдайда ауру белгілері бар, 12 жағдай симптомсыз  деп тіркелген.

Өңірдің бас санитарлық дәрігерінің айтуынша, жаңа штамдардың пайда болуына байланысты республикада коронавирустық инфекцияның айналымдағы штамдарын зерттеу жүргізілуде. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірге, COVID-19 штамдарын анықтауға арналған экспресс-ПТР скринингтің жаңа әдісі енгізілген.  Ақмола облысында тексерілген 10 сынаманың біреуі оң нәтиже көрсеткен. Осындай зерттеу нәтижелері бойынша «Британдық», «Оңтүстік Африка», «Бразилиялық» штамдарға тән мутация ықтималдығы анықталып отырғанын жеткізді Айнагүл Советқызы.

Брифинг барысында бұл мутацияның болуы және оның осы штамдардың біріне тиесілі екендігі туралы соңғы растама бір ай ішінде анықталатыны да айтылды. Айта кетерлігі, мутацияланған коронавирустың алдын алу және емдеу шаралары қазіргі кездегі тәсілдермен бірдей. Сондықтан, санитарлық шаралар сақталмаса, жағдай кез келген уақытта жағымсыз жаққа өзгеруі мүмкін екенін ұмытпағанымыз жөн.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар