Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Үкімет мониторинг топтарының жұмысын ретке келтіруі тиіс - Президент - АРҚА АЖАРЫ

Үкімет мониторинг топтарының жұмысын ретке келтіруі тиіс — Президент

Үкімет мониторинг топтарының жұмысын ретке келтіруі тиіс. Бұл туралы коронавирус індетіне қарсы іс-қимыл жөніндегі жиын барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шектеулер мен одан кейінгі рейдтер күтілген нәтижеге қол жеткізбей әлеуметтік шиеленіске себеп болып отыр. Мониторинг топтарының жұмысы кейде іріктеумен, ашық емес сипатқа ие болып, бір мекемелер үнемі тексерілсе, кейбірі мүлдем тексерілмейді», — деді ҚР Президенті.

Осы орайда Мемлекет басшысы прокуратура жанында рейд кезіндегі заң бұзушылықтарға шағым жасауға болатын колл-орталықтар жұмыс істеуі тиістігін баса айтты.

«Үкімет жанындағы ведмоствоаралық комиссия әкімдермен бірге мониторинг топтарының жұмысын ретке келтіруі тиіс», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

https://www.inform.kz/kz/ukimet-monitoring-toptarynyn-zhumysyn-retke-keltirui-tiis-prezident_a3771013

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар