Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өзен-көлдердің су деңгейі төмен - АРҚА АЖАРЫ

Өзен-көлдердің су деңгейі төмен

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Ақмола облыстық филиалының директоры Бақыт Мақажанова алдағы күндерге ауа райының болжамы туралы баяндап берді.

Бақыт Мақажанованың айтуынша, былтырғы жылмен салыстырғанда биыл өңірде қар көп түсті. Соған қарамастан наурыздың соңы мен сәуір айының басындағы жағдай бойынша қардың қалыңдығы былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда біршама аз. Облыс аумағындағы барлық өзендерде судың деңгейі нормадан төмен.
– Ағымдағы жылдың нақты гидрометеорологиялық деректеріне жүргізілген талдау нәтижелеріне сәйкес, облыс бойынша биылғы жылдың сәуір айындағы ауа райындағы өзгерістер 2017 және 2018 жылдардың деректеріне ұқсас. Жауын-шашынды қоспағанда, айтарлықтай ауытқулары жоқ, бұл ретте, топырақтың қату тереңдігі және қардағы су қоры орташа есеппен 9 пайызға көп болып отыр. Ал, Жабай өзені бассейнінің қосымша маршруттық зерттеулерінің қорытындысы бойынша 2020 жылмен салыстырғанда қардың орташа биіктігі 19 пайызға аз, қар суының қоры 40 пайызға төмен. Алайда, 2018 жылмен салыстырғанда біршама жоғары болып отыр, – деді Бақыт Мақажанова.
Брифингте айтылғанындай, бүгінгі таңда облыстың су нысандарындағы гидрологиялық бекеттер орналасқан аумақта мұз әлі ери қойған жоқ. Мұздың қалыңдығы 29-дан 96 сантиметрге дейін.
Сонымен қатар, Бақыт Мақажанова «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Ақмола облыстық филиалы ағымдағы жылдың 1 наурызында шығарылған негізгі гидрологиялық болжамды нақтылауға және түзетуге арналған апта сайынғы гидрологиялық болжамдар шығаратынын атап өтті. Ауа райының күрт өзгеруі жағдайында гидрологиялық болжам әр үш күн сайын беріліп отырады.
Жалпы, сәуір айында ауаның орташа температурасы нормаға жуық, яғни 3-5 С деңгейінде болады деп күтілуде.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар