Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қауіпті індеттің өршіп бара жатқаны алаңдатады - АРҚА АЖАРЫ

Қауіпті індеттің өршіп бара жатқаны алаңдатады

Коронавирус пандемиясымен облыс бойынша соңғы тәулікте 73 зертханалық расталған жағдай тіркелген. Оның ішінде 47 жағдайда ауру белгілері бар болса, 26 жағдай симптомсыз. Осының салдарынан, аурудың тәулігіне 0,5 пайызға өсіп отырғаны алаңдатады.

Нақтырақ айтсақ, ЖРВИ симптомдарымен 32 жағдай, науқастармен байланыста болған 37 жағдай анықталған, ал, 4 жағдай профилактикалық скрининг кезінде анықталып, тіркеліп отыр. Қауіпті індет жұқтырғандардың 63-і ересек адамдар болса, 10-ы он төрт жасқа дейінгі балалар.
Жалпы, ағымдағы жылдың алтыншы сәуіріндегі жағдай бойынша облыста COVID-19 зертханасымен расталған 15699 жағдай тіркелді. Оның 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіші 2140,51, оның ішінде 10562 жағдайда қауіпті індет белгілері бар. Ал, вирустың симптомсыз тасымалдануында
5137 жағдай тіркеліп отыр. 104 адам көз жұмған.
Коронавирус пандемиясымен ауырғандардың 14025-і ересек адамдар болса, 1674-і 14 жасқа дейінгі балалар. Сондай-ақ, ауру жағдайына байланысты ауруханаға өздері хабарласып анықталған 7728 жағдайлардың жалпы санынан 5859-ы байланыста болғандар, 2112-сі профилактикалық скрининг кезінде анықталып отыр.
Бір алаңдатары, соңғы бір тәулікте мектеп оқушыларының арасында аурудың 8 жағдайы тіркелген. Тарқата айтар болсақ, Жарқайың мен Шортандыда бір-бір жағдайдан, Атбасар, Бурабай, Көкшетауда әрқайсысында 2 жағдайдан тіркеліп отыр. Оның ішінде 1 жағдай тұрақты режимде (оффлайн) болса, 7-еуі онлайн режимде анықталған.
Қауіпті індеттің мектеп оқушыларының арасында ең көп тіркелуі 380 жағдаймен Көкшетау қаласында байқалып отыр. Ал, Степногорск қаласында – 55, аудандар бойынша Бурабайда – 97, Зерендіде – 40, Сандықтауда – 38 жағдайдың оқушылар арасында орын алғаны өкінішті-ақ.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар